Алтын Момысқызының ұйымдастыруымен "Баласы кітап оқыған ел - бақытты ел" атты 8А сынып оқушылары мен ата-аналары қатысқан оқу конференциясы өтті. Оқушылар мен ата аналар жыл бойы бірлесе оқыған көркем шығармалардан алған әсерлерімен бөлісті. Гаджет орнына қолына кітап ұстаған балалардың ұшқыр ой мен түйінді тұжырымдарының куәсі болдық.
Астана қаласы А.Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейде «Өнегелі ұрпақ- кемел болашақ» атты салтанатты жұлдыздар шеруі өтті. Салтанатты шеруге Астана қаласы Білім басқармасының жалпы орта және әдістемелік бөлімінің басшысы- Аманкелдиева Асыл Амангелдіқызы, Астана қаласы Білім басқармасының жалпы орта және әдістемелік бөлімінің маманы Ақмолдаева Манат Кеңесқызы қатысып, жеңімпаз оқушыларды марапаттады.
Бүгінгі күн киелі шаңырақ үшін ерекше күн болды. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының есімімен аталатын бұл мектеп-лицей, қойнауында талай тарихты бүгіп жатқан білім ордасы. 2022-2023 оқу жылында мыңдаған шәкірттің жүрегіне нұр құйып, білім нәрімен сусындатты. Жетістіктері де аз емес. «Жастардың оқу-тәрбие жұмысы түзелмей, жұрт ісі түзелмейді» деп А.Байтұрсынұлы айтқандай, мектебіміздің оқу-тәрбие жұмысы басты назарда ұсталып келеді. Оқушыларымыз қалалық «Шаттық» байқауларында бірнеше дүркін Бас жүлдені иеленді. Қалалық, республикалық пәндік олимпиадаларда да жетістікке жетуде.
Бүгін Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің бас ғимаратында Робототехникадан Әлихан Мақсұт атындағы «RoboZerde-2023» І қалалық фестивалі өтті.
Мақсаты: оқушылардың робототехника саласына қызығушылығын, ғылыми-техникалық шығармашылық қабілеттерін арттыру, техникамен жұмыс жасау белсенділігін дамыту. Аталмыш фестивалға қала мектептерінен 72 команда қатысып, білімдері мен шығармашылық қабілеттерін сынады.
Жаз айларында ыстық кезеңдерде күнге және ыстық құмға «пісу» салқын суға шомылу жанға сондай жайлы. «Су сенің досың және қасың» Жас балалардың суға шомыла білмеуі, адамдардың суда қауіпсіздік ережелері, шараларын орындамауынан орны толмас қайғы мен өкінішке айналып жатады. Сондықтан осындай келеңсіз оқйғаларды болдырмау ушін, төмендегілерді орындаған жөн: