Астана қаласы А.Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейде «Өнегелі ұрпақ- кемел болашақ» атты салтанатты жұлдыздар шеруі өтті. Салтанатты шеруге Астана қаласы Білім басқармасының жалпы орта және әдістемелік бөлімінің басшысы- Аманкелдиева Асыл Амангелдіқызы, Астана қаласы Білім басқармасының жалпы орта және әдістемелік бөлімінің маманы Ақмолдаева Манат Кеңесқызы қатысып, жеңімпаз оқушыларды марапаттады.
Бүгінгі күн киелі шаңырақ үшін ерекше күн болды. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының есімімен аталатын бұл мектеп-лицей, қойнауында талай тарихты бүгіп жатқан білім ордасы. 2022-2023 оқу жылында мыңдаған шәкірттің жүрегіне нұр құйып, білім нәрімен сусындатты. Жетістіктері де аз емес. «Жастардың оқу-тәрбие жұмысы түзелмей, жұрт ісі түзелмейді» деп А.Байтұрсынұлы айтқандай, мектебіміздің оқу-тәрбие жұмысы басты назарда ұсталып келеді. Оқушыларымыз қалалық «Шаттық» байқауларында бірнеше дүркін Бас жүлдені иеленді. Қалалық, республикалық пәндік олимпиадаларда да жетістікке жетуде.
Тағы да бір оқу жылын сәтті аяқтағалы отырмыз. 2022-2023 оқу жылының 1-қазан мен 1-мамыр аралығында «Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт» жобасын жүзеге асыру мақсатында сайыс жарияланды. Құнды кітаптарды бірге оқуды ұйымдастыру барысында 3-11 сынып оқушылары арасында сайыстың ережесі бекітіліп, өткізу тәртібі белгіленді.
Оқу мәртебесін, оқу белсенділігі және оқу сапасын арттыру, сондай-ақ жас ұрпақ бойында жоғары азаматтық және рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, мәдени және оқу құзыреттілігін дамыту, отбасылық кітап оқу дәстүрін жаңғырту және мектеп оқушыларының интеллектуалды әлеуетін арттыру мақсатында өткізілген сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мектептің ата-аналар қамқоршылық кеңесінің демеушілігімен бағалы сыйлықтарға, сертифакаттарға ие болды. Ата-аналар мен ұстаздар Алғыс хаттармен марапатталды.