Бүгін: 08.10.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

2004 жылы 1 қыркүйекте  -  Астана қаласы №48 мектеп-лицей ашылды

Мектеп директоры  Хожамуратова Сауле Губайдуллинова

Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі.

 2004 ж. 1 қыркүйек -2010 ж. 9 наурыз аралығында қызмет атқарды.

2005 жылы 1 қыркүйек - Ағылшын тілін 2-сыныптан оқыту экспериментіне енді.

2006 ж. - «RWCT мектебі (Сын тұрғысынан ойлау)» халықаралық статусын иеленді.

2007 ж. - Үш тілде оқытатын мамандандырылған мектеп ретінде республикалық тәжірибе алаңы қатарына енді (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 7 тамыздағы №387 бұйрығы).

   2010 ж. 15.наурыздан 2022 ж. -25 тамыз аралығында мектеп директоры Садыкова Зауре Жакановна

 «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері», Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері, п.ғ.м.

 

2011-2016 жж. – «Жетістіктер мектебі: ақиқаты, проблемалары, болашағы» Садыкова Зауре Жакановнаның авторлық бағдарламасы бойынша жұмыс атқарды (қалалық тәжірибелік алаң – 1 кезең).

2014 ж. - Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық  университетімен ынтымақтастық туралы келісім-шартқа қол қойылды.

2013 жж. – Халықаралық ынтымақтастық байланыстар бойынша жұмыстар басталды.

2016-2019 жж. – «Жетістіктер мектебі: білімнен – ғылымға бастар жол» бағдарламасы бойынша жұмыс атқарды (қалалық тәжірибелік алаң – 2 кезең).

2017 ж. - Республикалық «Үздік мамандандырылған білім беру ұйымы» конкурсына қатысып, ІІІ орын иеленді.

2017 ж. - ҚР ҰҒА академигі, биология ғылымдарының докторы, профессор Рахметқажы Берсімбай Іскендірұлының кабинеті ашылып, іске қосылды.

2017-2020 жж. - Білім басқармасының «Көптілділік» кластері бойынша «Жетекші мектеп» дәрежесінде қызмет атқарды.

2018 ж. - Мұғалімдер мен оқушылардан құрылған шығармашыл көркемөнерпаздар тобы қалалық байқауда Бас жүлде иеленді.

2019 ж. - Нұр-Сұлтан қаласының «Креативті мектептер лигасы» құрамына енді.

2019 ж. - «Кластерлер - білім беру ұйымдарының жетістіктерін дамытудың  инновациялық формасы»  тақырыбында  республикалық семинар өтті.

2020 ж. - Педагогикалық шеберлік орталығының оқыту бағдарламалары бойынша мұғалімдерге әдістемелік көмек пен қолдау көрсету мақсатында «Жетекші мектеп» қызметін атқарып келеді.

2020 ж. «Нұр-Сұлтан қаласының кейбір білім беру ұйымдарына атау беру туралы» ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 6 ақпандағы №44 қаулысы негізінде  «48 мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі - «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып аталды.

2022 ж. 4 сәуірде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің химия кафедрасының Құрметті меңгерушісі, химия ғылымдарының докторы, профессор Әуезхан Кәріпханұлы Тәшеновтың кабинеті ашылды.

2022 ж. 22 маусымда Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай, №48 мектеп-лицейде Алаштың ардағы Ахмет Байтұрсынұлының тарихи тұлғасын насихаттайтын мұражай ашылды.

2022 ж. 5 қыркүйекте -мектеп директоры Әметбеков Ғани Бақытұлы

 «Жас ұрпаққа сапалы, саналы тәрбие берудегі елеулі еңбегі үшін Оңтүстік Қазақстан облысы Білім басқармасы»,  «Әл-Фараби атындағы Қазақ  ұлттық университеті  «Балалық әлемі» конкурстық –білім беру жобасы» т.б. бойынша Алғыс хаттармен марапатталған.

Кәсіподақ мүшелерінің еңбек, әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау және білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін  «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер»  төс белгі иегері.