Бүгін: 08.10.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан Республикасы Білім жане ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы №204 бұйрығымен бекітілген «Ұлттык бірыңғай тестілеуді өткізу және «Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырғаны туралы сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына, Қазақстан Республикасы ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2023 жылғы 10 қаңтардағы №10 «2023 жылғы 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өткізілетін электрондық форматтағы Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу туралы» бұйрығына сәйкес ҰБТ өтуде.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің шешімі бойынша 2023 жылы барлық талапкерге негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсырып, үздік нәтижесі бар сертификатты мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсына ұсынуға мүмкіндік беріледі.

       «Жоғары оқу орындарына ақылы негізде оқуға түсу үшін ҰБТ-ны тағы үш рет тапсыратынын ескеретін болсақ, онда 2023 жылғы талапкерлер өткен жылдағыдай тестілеуді бес рет тапсыра алады. 

 

Тестілеу форматында өзгерістер жоқ. Пәндер саны – үш міндетті және екі бейіндік, жалпы 120 тест тапсырмасы болады.

Алайда, «Қазақстан тарихы» және «Оқу сауаттылығы» пәндерінің тест тапсырмалары санына өзгерістер енгізіліп отыр.

 Енді «Қазақстан тарихының» бір нұсқасында 20 тест тапсырмасы болады: бір дұрыс жауапты таңдауға арналған 10 тапсырма, контекстке негізделген 10 тапсырма. Сондай-ақ егер бұрын «Оқу сауаттылығы» пәнінен талапкерлер 20 сұраққа жауап берсе, енді 3 мәтін бойынша 15 тест тапсырмасы беріледі.

       Осылайша, Қазақстан тарихы – 20, оқу сауаттылығы – 15, математикалық сауаттылық – 15 және екі бейіндік пән бойынша 35 тест тапсырмасы ұсынылады. Ең жоғары ұпай – 140. Тестілеудің жалпы уақыты 4 сағатты (240 минут) құрайды.

ҰБТ тест тапсырмаларының құрылымында да өзгерістер бар. Министрлік тест тапсырмаларындағы дистракторлардың (жауап нұсқалары) санын азайту туралы шешім қабылдады. Бір дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында нұсқалар саны 5-тен 4-ке дейін, бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында (үш дұрыс жауаптан көп емес) нұсқалар саны 8-ден 6-ға дейін азаяды.

2022-2023 оқу жылынан бастап ҰБТ-ның бейіндік пәндер комбинациясы тізбесіне «Информатика» пәні енгізілді. Осыған байланысты «Информатика мұғалімдерін даярлау», «Ақпараттық технологиялар», «Ақпараттық қауіпсіздік» білім беру бағдарламалары топтарына түсушілер ҰБТ-ны «Математика-Информатика» комбинациясы бойынша тапсырады.

 

 

         Академиялық адалдықты қамтамасыз ету мақсатында ҰБТ «1 компьютер – 2 камера – 1 тестіленуші» қағидасы сақталады. Тестілеуде компьютер экрандарында калькулятор, Менделеев және ерігіштік кестесі орналасқан.

 

 

 

 

Не өзгеріссіз қалды?

  • Шекті балдар өзгермейді
  • Ерекше білім қажеттілігі бар балалар үшін қосымша 40 минут беріледі.
  • Экранда калькулятор, менделеев және тұздардың ерігіштік кестесі болады ұбт-дан соң тақырыптық талдау қолжетімді болады.Әрбір тест нұсқасы таңбаланады.
  • «1 компьютер – 2 камера – 1 тестіленуші» қағидаты сақталады тегін онлайн сабақтар ұйымдастырылады.
  • Тегін онлайн тестілеу қолжетімді болады.

 

2022-2023 оқу жылында мектебімізден 120 түлек шығарғалы отырмыз. Түлектеріміз өз білімдерін жан-жақты көрсетіп, жоғарғы нәтижеге қол жеткізеді деп үміттенеміз. ҰБТ тапсыратын оқушыларымызға сәттілік тілейміз.