«Әр бала – жеке тұлға. Ал дарынды бала – қолдауды қажет ететін ұлттық байлық».
Қазіргі білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – дарынды және қабілетті балаларды анықтау, олардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, әлеуетін дамытуға жағдай жасау. Дарынды бала – ол белгілі бір салада жоғары нәтижеге жетуге қабілетті, ойлау жүйесі, танымдық қызығушылығы мен шығармашылық мүмкіндігі қатар дамыған тұлға.
Дарындылық ұғымы
Дарындылық – адамның табиғи мүмкіндіктеріне, интеллектуалдық, шығармашылық немесе спорттық қабілеттеріне негізделген жеке әлеуеті. Ол тұқым қуалаушылықпен бірге, қоршаған орта, тәрбие және білім беру үрдісінде қалыптасып, дамиды.
Дарынды баланың негізгі ерекшеліктері:
1. Зияткерлік қабілетінің жоғарылығы
Ақпаратты тез қабылдап, талдайды, логикалық ойлау қабілеті басым болады.
2. Күшті есте сақтау қабілеті
Күрделі мәліметті жеңіл меңгереді және ұзақ уақыт есте сақтайды.
3. Танымдық қызығушылығының жоғары болуы
Көп сұрақ қояды, зерттеуге ұмтылады, білімді өздігінен ізденеді.
4. Шығармашылық ойлау
Стандарттан тыс шешімдер ұсынады, қиялы ұшқыр, жаңа идеяға бейім.
5. Тілдік және коммуникативтік дамуы
Ойын еркін жеткізеді, сөздік қоры жас ерекшелігінен жоғары болады.
6. Эмоциялық тұрақтылық және табандылық
Белгілі бір мақсатқа бағытталған іс-әрекетке жауапкершілікпен қарайды.
7. Көшбасшылық қабілет
Өзгелерді ұйымдастырып, ортада ерекше көзге түседі.
Дарындылықтың түрлері:
Ø Интеллектуалдық
Ø Шығармашылық және өнер саласындағы
Ø Спорттық
Ø Ғылыми-ізденушілік
Ø Көшбасшылық және әлеуметтік қабілет
Ø Тілдік-коммуникативтік
Дарынды баланы анықтау жолдары:
Дарынды баланы қолдау қажеттілігі
Дарынды балаларды қолдау – олардың тек жеке жетістігі үшін ғана емес, қоғамның зияткерлік әлеуетін арттыру үшін маңызды. Мұндай қолдауға мыналар жатады:
Қорытынды
Дарынды бала – қоғамның болашағына үлес қосатын ерекше тұлға. Сондықтан әр мұғалімнің міндеті – оқушы бойындағы қабілетті дер кезінде байқап, оны дамытуға жағдай жасау. Дарынды балалармен жүйелі жұмыс жүргізу олардың жан-жақты қалыптасуына, ұлттық зияткерлік қордың нығаюына және елдің дамуына үлес қосады.