«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 35) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығының негізінде, 2024 жылғы 06 наурыздағы бос лауазымға педагогты тағайындау бойынша конкурстық комиссиясының шешіміне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
«Ұстаздар күні» мерекесіне орай өскелең ұрпақтың ұстаздарға деген құрметі мен сүйіспеншігін арттыру мақсатындағы Республикалық «Даналық ұстаздан» челленджіне атсалысу мақсатында А.Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейінің оқушылары «Ұстазым» әнін (әні А.Дүйсенов, сөзі Б.Шомбеков) орындады.
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейінде ұстаздар күніне орай «Ұлағатты ұстаз-қоғам тірегі» атты мерекелік іс-шарасы өткізілді.
Концерттік бағдарламаны 11-сынып және өзін-өзі басқару ұйымының оқушылары жоғары деңгейде атқара білді.
Төл мереке қарсаңында барша әріптестерді төл мерекемен құттықтаймыз. «Қоғамның әрбір жаңалығын жылы қабылдап, шәкірт тәрбиесімен қатар ұстаздардың бойына жеткізе білгендеріңіз, бойыңыздағы бар жиып-терген біліміңізді оқушылардың санасына сапалы етіп сіңіре білуіңіз, шәкірттеріңіздің білімді, парасатты болып шығуын мақсат еткен жауаптылықтарыңыз – басқаларға байқала бермейтін ұлы іс, ұлық парыз.
Сіздердің осы бағыттағы еңбектеріңіз жана берсін! “Ұстаз бақыты — озып туған шәкірті” десек, аттарыңызды Ай-әлемге паш ететін талантты да білімді шәкірттеріңіз көбейе берсін!»
03.10.2024 жылы мектебіміздің 11 - сынып оқушылары 5 қазан күні ұстаздар мерекесіне орай ұйымдастырылған «Дублер» күнін өткізді.
Мақсаты: ұстаздар мәртебесінің қаншалықты биік екенін ұғыну, сыныптардың өзара сабақтастығын арттыру.