«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 35) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығының негізінде, 2024 жылғы 06 наурыздағы бос лауазымға педагогты тағайындау бойынша конкурстық комиссиясының шешіміне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 35) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығының негізінде, 2025 жылғы 08 сәуірдегі бос лауазымдарға педагогтерді тағайындау бойынша конкурстық комиссиясының шешіміне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Астана қаласы «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы № 48 мектеп-лицейдің» 2024-2025 оқу жылына бос лауазымдық орынға орналастыру бойынша конкурс өтті деп есептелсін.
2. Бағалау парағында көрсетілген ұпайлардың нәтижелері байқау жеңімпазын жұмысқа қабылдауға негіз болып есептелсін.
3. Төменде көрсетілген үміткер байқаудың жеңімпазы болып есептелсін және жұмысқа қабылдансын:
- Амитова Гулжанат Бердановна – директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары (уақытша бос орын).
4. Байқаудың нәтижелері мектеп сайтында, Instagram желісінде жариялансын.
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А.Ниязбековтың ұйымдастыруымен “5” сынып оқушыларына “Оқырмандар бәйгесі” сайысы өткізілді.
Сайыстың мақсаты – оқушылардың кітап оқуға қызығушылықтарын арттыру, көркем шығарманы талдауды үйрету, оқырман талғамын қалыптастыру.
Біртұтас тәрбие бағдарламасының “Мектеп кітапханасы” жобасы аясында өткен шара Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым - Қожа» повесі бойынша ұйымдастырылды. Білім алушылар өздері оқыған қызықты да үздік туынды бойынша білімдерін сынға қойып, жүлделі орындарды сарапқа салды. Сайыс қорытындысында жүлделі орындар төмендегідей ретпен берілді:
І орын: Азизбек Ақниет
ІІ орын: Төребек Нұрсая, Қонысбек Кәусар
ІІІ орын: Ахметова Лунара, Баянбай Ерасыл.
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 35) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығының негізінде, 2025 жылғы 21 ақпандағы бос лауазымдарға педагогтерді тағайындау бойынша конкурстық комиссиясының шешіміне сәйкес БҰЙЫРАМЫН: