Сегодня: 24.10.2025
Локомотив реформ – это вы, наша прекрасная молодежь! Будущее Казахстана в руках молодых людей, не проспите свой шанс, свою мечту. Мечты сбываются только у тех, кто хорошо учится и много трудится. Касым-Жомарт Токаев

Астана қаласы әкімдігінің «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицей» бос жұмыс орындарына байқау жариялайды!

1. Бастауыш сынып мұғалімі - 1 орын (12 сағат)

2. Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі - 1 орын (16 сағат)


Конкурсқа қатысатын педагогтан талап етілетін құжаттар

1. Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2. жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

3. кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (толық толтырылған, суреті жабыстырылған, нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

4. біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5. еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса) (куәландырылған);

6. денсаулық жағдайы туралы анықтама (форма–075);

7. психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8. наркологиялық ұйымнан анықтама;

9. сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік;

10. 12 немесе 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы;

11. конкурсқа қатысушы біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) (бар болса);

12. Қосымша құжаттар (біліктілік арттыру, ғылыми атақтар, жарияланымдар жән т.б. болған жағдайда)

!!!!! Құжаттардың біреуінің болмауы - конкурсқа қатысуға жіберілмеу себебі болып табылады.

Конкурсқа қатысу үшін https://hr-nobd.edu.kz/#/social/vacancies сілтемесіне өтіп, хабарландыруда көрсетілген құжаттарды электронды түрде тіркеу қажет.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 01 қазан - 09 қазан 2025 ж.

Біздің мекенжай: Астана қаласы, Ж.Жирентаев көшесі, 15/2

Байланыс телефоны:

8 (7172) 50 – 16 – 56

электр.пошта: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.