«Ұстаздар күні» мерекесіне орай өскелең ұрпақтың ұстаздарға деген құрметі мен сүйіспеншігін арттыру мақсатындағы Республикалық «Даналық ұстаздан» челленджіне атсалысу мақсатында А.Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейінің оқушылары «Ұстазым» әнін (әні А.Дүйсенов, сөзі Б.Шомбеков) орындады.
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейінде ұстаздар күніне орай «Ұлағатты ұстаз-қоғам тірегі» атты мерекелік іс-шарасы өткізілді.
Концерттік бағдарламаны 11-сынып және өзін-өзі басқару ұйымының оқушылары жоғары деңгейде атқара білді.
Төл мереке қарсаңында барша әріптестерді төл мерекемен құттықтаймыз. «Қоғамның әрбір жаңалығын жылы қабылдап, шәкірт тәрбиесімен қатар ұстаздардың бойына жеткізе білгендеріңіз, бойыңыздағы бар жиып-терген біліміңізді оқушылардың санасына сапалы етіп сіңіре білуіңіз, шәкірттеріңіздің білімді, парасатты болып шығуын мақсат еткен жауаптылықтарыңыз – басқаларға байқала бермейтін ұлы іс, ұлық парыз.
Сіздердің осы бағыттағы еңбектеріңіз жана берсін! “Ұстаз бақыты — озып туған шәкірті” десек, аттарыңызды Ай-әлемге паш ететін талантты да білімді шәкірттеріңіз көбейе берсін!»
03.10.2024 жылы мектебіміздің 11 - сынып оқушылары 5 қазан күні ұстаздар мерекесіне орай ұйымдастырылған «Дублер» күнін өткізді.
Мақсаты: ұстаздар мәртебесінің қаншалықты биік екенін ұғыну, сыныптардың өзара сабақтастығын арттыру.
3-4 сынып оқушыларына арналған «Алтын сақа» олимпиадасының мектепішілік кезеңінің қорытындысы.
А.Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейінде Біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру барысында «Төрт тоқсан – төрт өнер» Ұлттық мәдени ағартушылық жобасының 2024-2025 оқу жылының І тоқсанындағы «Ақындар айтысы» тақырыбында атқарылатын жұмыс жоспары бойынша «Мақсатым – тіл ұстартып, өнер шашпақ» іс-шарасы ұйымдастырылып, жас айтыскер ақындардың төл өнер бойынша дайындығы пысықталды.
5-6 сынып оқушыларына арналған “Алтын сақа” олимпиадасының мектепішілік кезеңінің қорытындысы.
Ағымдағы жылдың 30 қыркүйек күні мектебіміздің Ахмет Байтұрсынұлы мұражайында 8 -ші сынып оқушыларымен ұстаздар күніне орай «ДАРА ТҰЛҒА -АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ -» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті.
Тәрбие сағатының мақсаты - қазақ халқының саяси, мәдени, тарихи өмірінде орны айрықша зор тұлға – Ахмет Байтұрсынұлының халықтық тәлім-тәрбиелік ойларының негізінде оқушылар бойына адамгершілік, ұлтжандылық, отансүйгіштік қасиеттерді дарыту; ақын, қоғам қайраткері, педагог-ұстаздың құнды мұраларын дәріптеп, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу.
Оқушылар ақын өмірінен көрініс қойып, жыр шумақтарын жатқа оқыды, ән айтып, күй тартылды.
8 сынып оқушылары ата-аналарымен бірлессе отырып мұражайға жәдігер ретінде ақынның шежіресін табыс етті.
Ақынның өмірі мен шығармашылығы келер ұрпаққа мәңгілік өнеге болып қала бермек. Іс -шараны ұйымдастырып өткізген 8 «Е» сынып жетекшісі орыс тілі мен әдебиет мұғалімі Хусаинова С.Т.
Бұл күн денсаулықты сақтау мен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылды! Оқушыларды, әділдік қасиеттерін жоғары ұстауға, мәдениеттілік қасиеттерін қалыптасуына, денсаулықтарын қадірлеуге, салауатты өмір салтын ұстануға және жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.
Мектебіміздің 11 сынып оқушыларына, мамандық таңдау бойынша түсіндірме жұмыстарын "Қоғамтану" бірлестігі мұғалімдері жүргізді.
Тазалық – денсаулығымыздың кепілі. Асханамызда таза ортада тамақтану, барлығымызға жайлы әрі қауіпсіз атмосфера сыйлайды.
🍽️ Асханада тазалық сақтау жолдары:
Жуу: Тамақтанар алдында қолдарыңызды жақсылап жуыңыз.
Ұқыптылық: Ас құралдарын,дастарханды таза ұстаңыз.
Қоқысты тастау: Тамақтан кейін қалдықтарды қоқыс жәшігіне тастауды ұмытпаңыз.
Көмектесу: Досыңызға асханада тазалық сақтауға көмектесіңіз!
🌍 Тазалық – әркімнің жауапкершілігі! Біздің кішігірім әрекеттеріміз үлкен өзгерістерге әкеледі. Бірге жұмыс істесек, асханамызды әрі қарай да таза ұстай аламыз.