Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейінде 2024 жылдың 24 қазаны күні «Республика күніне» орай ата-аналар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Әкелер кеңесі» мүшелерінің қатысуымен волейболдан турнир өткізілді.
Қызықты да тартысты өткен спорт додасында Қозыбақов Жалғас «Үздік қорғаушы», Жетпісбаева Гүлдана «Үздік доп ұзатушы», Сламия Мұхтар «Үздік шабуылшы», ал Айнабеков Ерғазы турнирдің «Үздік ойыншы» атанса, «№48 Мектеп» және «Намыс» командалары жүлделі ІІІ орынмен, «Астана» командасы жеңіске бір қадам жетпей ІІ орынмен марапатталды, үздік ойынымен танылған «Сұңқар» командасы жеңімпаз атанып, І орынды иеленді.
Іс-шараға атсалысқан барша ата-аналарымызға алғыс білдіреміз.
«Әкем,анам және мен-мектепте белсенді отбасы»
Мектебімізде 1 ші сынып оқушылары және ата-аналары арасында «Әкем,анам және мен-мектепте белсенді отбасы» атты отбасылық эстафетаны өткізді.
Бұл шараның мақсаты - өскелең, ұрпақты салауатты өмір салтына баулу. Оқушылар мен ата-аналар арасындағы байланысты нығайту.
21 қазан күні мектебіміздің 1-11 сынып оқушыларымен «25 қазан - Республика күніне» орай ашық сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға 25 қазан – Республика күні мерекесінің маңыздылығын түсіндіру, елге деген патриоттық сезімдерін ояту, Қазақстанның мемлекеттік егемендігі мен тәуелсіздігін насихаттау, тарихи сананы қалыптастыру және ұлттық құндылықтарды дәріптеу болып табылады.
А.Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейінде "Біртұтас тәрбие" бағдарламасын іске асыру барысында «Төрт тоқсан – төрт өнер» Ұлттық мәдени ағартушылық жобасының 2024-2025 оқу жылының І тоқсанындағы «Ақындар айтысы» тақырыбында атқарылатын жұмыс жоспары бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Білім мекемесінде «Айтыс - 2024» сайысының ақтық кезеңі қарсаңында «Шеберлік сынып» - жас ақындарды өнердің қыр-сырына үйрету шарасы мен шешуші жыр барымтасына дайындық жұмыстары атқарылды.
Мектебімізде «Армысың, Алтын күз!» атты мерекелік фестивальіміз жоғары деңгейде өтті. Бұл шараға оқушылар, ұстаздар және ата-аналар белсене қатысып, күздің молшылығы мен әсемдігін бірге атап өтті. Оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, күзгі сән үлгілерін таныстырып, шығармашылық жұмыстарын ортаға салды. Сонымен қатар, қызықты байқаулар мен көріністер көпшіліктің көңілінен шықты.