“Үздік мектеп парламенті” республикалық байқауының нәтижесі бойынша қуанышты жаңалық! 🎉
📚 Қатысушы 40 мектептің арасынан біздің мектебіміздің парламенті 3-ші орынды иеленді! 🏆
Бұл жетістік – мектеп ұжымының бірлігі мен тынымсыз еңбегінің жемісі. Біздің парламент мүшелерінің қажырлы жұмысы мен тың идеялары арқасында осындай биік белеске жеттік! 🌟
Барша мектеп парламентінің мүшелерін, ұстаздарымызды және қолдау көрсеткен барша жандарды құттықтаймыз! 💪 Алда жаңа жетістіктер мен жеңістер күтіп тұр!
Бүгін мектебімізде СӨС (салауатты өмір салты) дәрігері, 13 емханадан келген тәжірибелі маман – Ерсайын Аружан Ерболқызы “Туберкулездың алдын алу” тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Ол салауатты өмір салтының негіздерін, дұрыс тамақтану мен дене белсенділігінің маңызын, сондай-ақ, түрлі аурулардың алдын алу шараларын атап өтті.
Мектебіміздің волейболдан Әкелер құрама командасы Астана қаласы, Алматы ауданына қарасты мектептердің әкелері арасында №32 мектеп-гимназиясының базасында 15.02.2025 ж. өтетін “Күшіміз бірлікте» атты қалалық волейбол турниріне қызу дайындық үстінде.
“Спорт - алдыменен денсаулық кепілі”, десек, жас өркенге салауатты өмір салтын насихаттауда ұйымдастырылып отырған іс-шараның маңызы зор.
Бүгін, 18 ақпан күні мектебімізде қазақ елінің батыры, Қол күрестен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия чемпионы, Қазақстанның 7 дүркін рекордшысы, «Қазақтың темір адамы» атанған Тимур Спатаевпен кездесу сағаты өтті. Оқушылармен сұхбаттасып, рухты сөздерімен жігерлендіріп, батыр, қайсар тұлғаның қандай болу керектігін атап айтты. «Толағай» ұлттық күштік спортының түрлерін көрсетіп, техникасымен таныстырды. Ұлттық дәстүрді насихаттайтын тәлімі мол іс-шара болды.
Құрметті Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейінің оқушылары, мұғалімдері және ата-аналары!
Кітап – білімнің көзі, жан азығы. Сіз де өзгелермен осы байлықты бөліскіңіз келе ме? Онда біздің «Шын жүректен – кітап сыйла!» акциясына қатысыңыз!
Мектебімізде «Шын жүректен – кітап сыйла!» атты керемет акция өтуде. Бұл – өзіңіз оқып шыққан, бірақ басқаларға да пайдалы болатын кітаптарды мектеп кітапханасына сыйлауға тамаша мүмкіндік!
✨ Артық қалған, бірақ қызықты кітаптарыңыз бар ма? Оларды мектеп кітапханасына тапсырыңыз!
✨ Сіздің сыйлаған әр кітабыңыз басқа оқушыларға білім мен шабыт сыйлайды.
✨ Бірге кітап қорын көбейтіп, оқу мәдениетін дамытайық!
📍 Кітаптарды қабылдау орны: Мектеп кітапханасы
📅 Акция мерзімі: 14.02.25
Жақсылықты бірге жасайық! Кітап сыйлау – білім мен ізгіліктің белгісі! 💙📖