Тазалық – денсаулығымыздың кепілі. Асханамызда таза ортада тамақтану, барлығымызға жайлы әрі қауіпсіз атмосфера сыйлайды.
🍽️ Асханада тазалық сақтау жолдары:
Жуу: Тамақтанар алдында қолдарыңызды жақсылап жуыңыз.
Ұқыптылық: Ас құралдарын,дастарханды таза ұстаңыз.
Қоқысты тастау: Тамақтан кейін қалдықтарды қоқыс жәшігіне тастауды ұмытпаңыз.
Көмектесу: Досыңызға асханада тазалық сақтауға көмектесіңіз!
🌍 Тазалық – әркімнің жауапкершілігі! Біздің кішігірім әрекеттеріміз үлкен өзгерістерге әкеледі. Бірге жұмыс істесек, асханамызды әрі қарай да таза ұстай аламыз.
Астана қаласы білім басқармасының А.Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейінде 1-11 сынып жетекшілерімен 2024 жылдың 19 қыркүйек күні оқу семинары ұйымдастырылды. Күн тәртібінде сынып жетекшілерінің міндеттері мен жұмыс режимі, жасөспірімдер арасында буллингтің алдын алу, сынып жетекшілерінің іс құжаттарының жүргізілуі туралы мәселелер айтылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Мектеп жұмысының сапасына, оқушылардың тәрбиесі мен жан-жақты дамуына еселі үлесі бар әріптестер басқосуда сынып жетекшілерінің жұмыстарына қатысты біршама мәселелер туралы пікірлесіп, ой бөлісті.
Жиын барысында күн тәртібіндегі барлық мәселелер әріптестер тарапынан талдап, сараланып, жұмыс сапасын арттыру, сынып жетекшілерінің жұмысын жандандыру мақсатында тиісті шешімдер қабылданды.
«ДосболLIKE» буллингке қарсы бағдарламасы аясында «Біздің мектеп буллингке қарсы» атты республикалық бейнероликтер челленджін өткіздік.
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында жұма күні, ұлттық құндылықты дәріптеу мақсатында мектебімізде
ерекше күн, – «Ұлттық киім» кию күні! 🎉✨
Неліктен ұлттық киім кию маңызды? Ұлттық киім – халқымыздың мәдениеті мен тарихын, дәстүрін көрсететін белгі. Ол бізді біріктіріп, ұлттық бірегейлігімізді сақтауға көмектеседі.
«Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп лицейі» Дүниежүзілік тазалық күні аясында ұйымдастырылған жалпықалалық сенбілікке атсалысу мақсатында білім мекемесі ұжымы қызметкерлері мен білім алушыларының қатысуымен сенбілік өткізілді.
Бүгін, 21 қыркүйек күні, «Бірігіп қаламызды таза етеміз!» ұранымен мектеп ұжымы тазалық жұмысына кірісіп, аула және арық-атыздарды тазалап, көшеттер отырғызып, мектеп аумағындағы үлескілерді қопсытып, тағылымды шара ұйымдастырды.
Мектебімізде тазалық пен көгалдандыру жұмыстары жақсы жолға қойылған. Білім алушыларға тазалық пен табиғатты қорғаудың маңызы туралы ұдайы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, оларды тазалық пен еңбекке баулу әрекеті атқарылып келеді. Осындай еңбек пен тәртіптің арқасында мектебіміздің ауласы көз қуантарлық көрікке ие. Білім мекемесіндегі гүлзар мен жасыл желек білім мекемесінің көркіне көрік қосып, әрі әсемдік пен тазалықтың үндесуінен тамаша үйлесімде үндесіп отыр. Жайқалып өскен ағаштар, түрлі гүлдер мен бұталы жасыл желек – табиғаттың сыйы мен адамзаттың қамқорлығының тұтастығынан көрініс береді.