«…Тән көмілер, көмілмес еткен ісім,
Ойлайтындай мен емес бір күнгісін.
Жұрт ұқпаса ұқпасын, жабықпаймын,
2023-2024 оқу жылындағы мектеп жанында өткізілген "HAPPY KIDS" балалардың жазғы ойын-сауық демалыс лагері және "КИЕЛІ МЕКЕНДЕР" археологиялық лагері бойынша I кезең өз мәресіне жетті.
Лагерьде балалардың демалып, сауығып, қосымша білімдерін толықтырып, шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін түрлі үйірмелер жұмыс жасады.
Астана қаласы А.Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейінің жанынан ашылған жазғы тынығу лагеріндегіи 3 маусым мен 14 маусым арлығында үздіксіз жұмыс жасады. 1 маусым «Баларды қорғау күніне» орай «Бақытты балалық шақ» тақырыбында лагердің ашылу салтанаты өткізілді. Балалар өздерінің жаттаған тақпақтарын айтып, әндер айтып, би - биледі.
Бүгін мектеп бітіруші жас түлектерге көптен күткен жалпы орта білім беру туралы аттестатты қолдарына табыс еткен күн. Бұл күн – мектеп тарихында, мектеп бітіруші түлектер есінде мәңгі өшпейтін күн.
-2023-2024 оқу жылында 70 оқушы мектеп бітірді.
Мектеп басшысы Әметбеков Ғани Бақытұлы жас түлектерге сәт сапар тілеп, алтын белгі,үздік аттестат иегерлерін және жалпы мектеп бітіруші түлектерді құттықтап, жалпы орта білім беру туралы аттестатты қолдарына табыстады.