Жалпы білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында өткен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған XIX қалалық «Отаным деп, шырқаймын» вокалдық патриоттық әндер фестиваль - байқауында «жеке орындау» номинациясы бойынша мектебіміздің 3ә сынып оқушысы Амирова Айша ГРАН-ПРИ иеленді. Жетекшісі: Амирова Гүлбаршын Сагимбековна. Өнер додасында бақ сынаған талантты, жас өнерпазымызды жеңісімен құттықтаймыз!!!
2023 жылдың 17 қарашасында Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК мен А. Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицеймен бірлесе отырып, «Ахмет Байтұрсынұлының педагогикалық мұрасы» тақырыбында қалалық дөңгелек үстел өтті.
Мектебімізде 6 қарашадан бастап “8 МИНУТТЫҚ ОҚУ” жобасы басталды. Оқушыларымыз сабақта күнделікті әдебиет кітаптарын оқып,талдауда.
Бүгін мектеп-лицейімізде «Ұлт мұратын қаламына арқау еткен...» ақын Марфуға Бектемірованың шығармашылығына арналған ағарту апталығы басталды. Мақсаты: ақын, жазушының шығармашылығын балалардың арасында насихаттау. Сыныптарда ақын, журналист, шебер аудармашы Марфуға Бектеміроваға арналған сынып сағаттары өтті. Оқушылар ақынның өмірбаянымен, шығармашылығымен танысып, өлеңін оқыды.
Мектебімізде 8-қараша күні қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің апталығы қарсаңында «Ел бүгіншіл, менікі ертең үшін» атты әдеби кездесу кеші өтті. Кештің қонағы – ақын, жазушы, этнограф, «Оян, қазақ!» фильмінің, «Ахмет.Ұлт ұстазы», «Абай жолы» сериалдарының сценаристі Ұларбек Нұрғалым. Аталмыш шараға 10-11 сыныптың оқушылары белсене қатысты. Оқушылар ақынның әсерлі әңгімесін тыңдап, тың ақпараттарға қанық болып, таным көкжиегін кеңейте түсті. Кездесуде ұлттық құндылықтар пен руханият жайлы, Ахмет Байтұрсынұлы және басқа да тарихи тұлғаларымыз жайлы маңызды деректер айтылды.