Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейде 01.09.2024 «Мектебім — мейірім мекені» тақырыбында білім күнінің салтанатты жиыны өткізілді. Салтанатты жиынға ұстаздар қауымымен бірге мектептің бірінші сынып оқушыларының ата-аналары қатысып, білім мекемесінің қызметкерлері мен білім шыңын бағындыруға жол тартқан балғындарымызға ақ жол тіледі.
«Білім күнін» атап өту кезінде Ұстаздар қауымына арналып әсем әндер шырқалып, арнау өлеңдер орындалды. Қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету мақсатында білім мекемесінде кезекшілік ұйымдастырылды.
Мемлекеттік туды көтеру және гимнді орындау Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін пайдалану ережесіне сәйкес жүргізілді. Іс-шараға білім баспалдағына алғаш аяқ басқан 175 1-сынып бүлдіршіндері мен 124 бітіруші түлектеріміз — 11-сынып оқушылары қатысты.
Жаңа оқу жылына сәттілік тілейміз!!!
«…Тән көмілер, көмілмес еткен ісім,
Ойлайтындай мен емес бір күнгісін.
Жұрт ұқпаса ұқпасын, жабықпаймын,
Астана қаласы А.Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейінің жанынан ашылған жазғы тынығу лагеріндегіи 3 маусым мен 14 маусым арлығында үздіксіз жұмыс жасады. 1 маусым «Баларды қорғау күніне» орай «Бақытты балалық шақ» тақырыбында лагердің ашылу салтанаты өткізілді. Балалар өздерінің жаттаған тақпақтарын айтып, әндер айтып, би - биледі.
2023-2024 оқу жылындағы мектеп жанында өткізілген "HAPPY KIDS" балалардың жазғы ойын-сауық демалыс лагері және "КИЕЛІ МЕКЕНДЕР" археологиялық лагері бойынша I кезең өз мәресіне жетті.
Лагерьде балалардың демалып, сауығып, қосымша білімдерін толықтырып, шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін түрлі үйірмелер жұмыс жасады.