2023 жылдың 20 қазанында Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ жаратылыстану ғылымдары факультеті мен Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетімен бірлескен «KAZCUNET балалар университеттерінің желісін құру» жобасы аясында А. Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейде 5 сынып оқушыларымен кездесу өтті. Кездесудің мақсаты: білім алушыларды жаратылыстану негіздерімен таныстыру және білімді меңгерудегі танымдық қызығушылықтарын арттыру. Мектебіміздің жас зерттеушілеріне арналған жаратылыстану бағытындағы зерттеу жұмыстарының үлгілері көрсетіліп, тәжірибелер жасалды. Жас ғалымдар қызығушылық танытып, белсенділік көрсетті.
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейінде, 2023 жылдың 17 қазан күні бастауыш сынып мұғалімдеріне «TopIQ білім беру платформасымен жұмыс істеудің жалпы қағидаларымен танысу» семинары өткізілді.
Мақсаты – «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру және Президент Қ.К.Тоқаевтың цифрлық оқулықтарға көшу жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде «Алматы кітап» баспасының TopIQ білім беру платформасының электронды оқулықтарының мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін, оқу процесін ұйымдастыруда оқушылар, ата-аналар, ұстаздар үшін тиімділігін көрсету.
2023 жылдың 16 қазан күні «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы ұйымдастырған 9-10 сынып оқушылары арасында «Менің кіші Отаным» жас тарихшылар VII республикалық зияткерлік байқауы өтті. Байқауға 4 номинация бойынша 84 оқушы қатысты. Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп - лицейден «Кішкентай Отанымның символы» номинациясы бойынша 10 «Ә» сынып оқушысы Серікбай Нұртас қатысып, жүлделі І орын иеленді. Республикалық кезеңге жолдама алды. Мұғалімі тарих және құқық пәні мұғалімі Қойбасарова Нұр Берікқанқызы. Шәкіртімізді жүлделі орынымен құттықтай отырып, республикалық кезеңнен жеңіспен оралуына тілектеспіз!
2023 жылдың 13 қазан күні «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы ұйымдастырған елордалық білім беру ұйымдары педагогтерінің арасында республикалық «Үздік авторлық бағдарлама» байқауының қалалық кезеңі өткізілді. Байқауға Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейдің физика пәні мұғалімі Хонорбай Анаргуль қатысып, грамота иеленді. Үздік авторлық әдістемесімен бөліскен әріптесімізді жеңісімен құттықтаймыз! Зерттеушілік ізденіс пен шығармашылық табыс тілейміз!
Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақ халқының ең ұлы билерінің бірі Төле би Әлібекұлының туғанына 360 жыл толып отыр.
Ұлттық сөз өнері тарихында билердің бірегейі, ақыл – ойдың телегейі Төле бидің 360 жылдығына арналған «Шешендік өнер – рухани асыл қазынамыз» атты Астана қаласы әкімдігінің «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Алматы ауданының мектеп оқушылары арасында қалалық шешендік өнер сайысын өткізді.
«Ахмет» пікір сайыс клубының жетекшісі А.Сапарғалидың ұйымдастырумен "Ата-ана ұлағаты-ұрпаққа аманат" атты іс-шара аясында "Бізге қарттар үйі қажетпе?" деген тақырыпта пікір сайыс өткізілді. Жоғарыда аталған тақырыпқа клуб мүшелері екі топқа бөлініп өз позицияларын таңыстырды. Пікір сайыстың басты мақсаты оқушылардың бойында жақынға деген жанашырлық сезімін ұлғайтып, үлкенге құрмет көрсете білуге баулу.
Мектебіміздің оқушылары жаратылыстану-математика бағытында білім алуда. Жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді оқу барысында оқушылардың жобалық жұмысы негізгі және орта мектепте айқын байқалатын ғылыми-зерттеу сипатына ие болады. Зерттеу жұмыстары оқушыларға ойлау және талдау, фактілерді жинау және өңдеу, түсіндіру және қорытынды жасау, қол жеткізілген нәтижелердің адамдар мен қоршаған орта үшін құндылығын бағалау мүмкіндігін береді.