Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында
«Өнегелі-15 минут» - ата-аналардың баласымен мінез-құлық және адамгершілік, еңбекқорлық
туралы, мектебіміздің 4 «Ә»сынып оқушысы Алғабай Наздың әкесімен жеке уақыт өткізу кезінен.
Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында, оқушыларымызды еңбекке баулу арқылы жан-жақты дамытуға арналған іс-шараларымыз өтіп жатыр. Осы айда біз еңбекке деген ынтаны арттырып, кәсіби біліктілікті дамытуға ерекше көңіл бөлеміз. Оқушыларымыздың қабілеттерін шыңдап, болашақта табысты болуына ықпал етейік!
Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Өнегелі-15 минут» - ата-аналардың баласымен мінез-құлық және адамгершілік, еңбекқорлық туралы, мектебіміздің 7 «Б»сынып оқушысы Әмірәлі Бекұланның әкесімен жеке уақыт өткізу кезінен үзінді.
Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу мақсатында, 15 минуттық қоңырауда күй ойнатылып 1-11 сынып оқушылар арасында, ұлттық нақыштағы киімдер кию, ұлттық ойындар ойнату, ұлттық құндылықты меңгеру мақсатында түрлі викториналар жүргізілді!
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейінде білім мекемесінің отбасымен өзара әрекеттесуі мен бала тәрбиесіндегі отбасының рөлін нығайту және отбасылық тәрбиенің жақсы жақтарын насихаттау мақсатында «Даналық мектебі» жобалары бойынша жұмыстарды жандандыра отырып, 1-11 сыныпта білім алушы оқушылар Отбасы күніне арналған «Отбасы – тәрбиенің алтын бесігі» челленджіне атсалысты.
Назарларыңызға 6 «Е» сынып оқушыларының «Отбасым – ол менің байлығым» тақырыбына шығарма жазу сәтінен көрініс ұсынамыз.