ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы мен «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебі Бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби қызметте жоғары нәтижелерге жетуге ұмтылысын жетілдіру және мұғалімдердің шығармашылық әлеуеті мен педагогикалық шеберлігін дамыту, сонымен қатар шын жүйріктерді анықтау мақсатында 01.11.2024 ж. «Алтын тұғыр» олимпиадасының аудандық кезеңін өткізді.
Олимпиадаға мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімдері, Серикпаева Динара Сералыевна, Әлдей Ләззат Бекжанқызы қатысты. Серикпаева Динара Сералыевна грамота, Әлдей Ләззат Бекжанқызы ІІ орын иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды. Ұстаздарымызды жеңісімен құттықтаймыз!!!
12 қазан А. Байтұрсынұлы атындағы 48 мектеп-лицейде Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық пәндік олимпиаданың 1 (мектепішілік) кезеңі өтті. Олимпиадаға 8-9-10-11 сыныптарынан 175 оқушы қатысып, білімін сынады. Мектеп директоры Ғани Бақытұлы оқушыларға сәттілік тілеп, тапсырмаларды ашу рәсіміне қатысты.
30 қазан күні, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде А. Байтұрсынұлы атындағы «Әдіскер ұстаз» зертхана жұмысының отырысы ұйымдастырылды. Астана қалалық әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК әдіскері Жанар Маманова және А.Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейі мұғалімдерінің ұйымдастыруымен өткен шара мазмұнға бай, тағылымға толы болып, көпшілік көңілінен шықты. Іс-шараға қала мектептерінен 40-тан астам ұстаздар қатысып, өздерінің зерттеу жұмыстарымен бөлісті. Отырыстың мақсаты Ахмет Байтұрсынұлының әдістемелік идеялары негізінде педагогикалық инновациялық қызметінің тәжірибелерін жинақтауға, оқу-тәрбие үрдісінде қолдануға мүмкіндік жасау болса, іс-шараға қатысушылар Ұлт ұстазының еңбектерін зерттеу, оның кемел идеяларын жас өркеннің оқу-тәрбиесі ісіне тиімді пайдалану, ұлы ғұламаның өшпес бай мұрасын насихаттауда еселі еңбек етіп, ізденгендіктерін көрсете білді. Ахмет Байтұрсынұлының әдістемелік идеялары қазақ білім мен ғылымының дамуына үлкен үлес қосты. Жиын қатысушылары ғұлама ғалымның еңбектері, педагогикалық инновациялық қызметі мен идеяларын оқу-тәрбие үрдісінде «Тілді оқыту әдістемесі», «Мазмұн мен әдістеме», «Дамытушылық тәсіл», «Ұлттық сана-сезімді қалыптастыру», «Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту», «Білім берудегі мысал өлеңдерді қолдану тәсілдері», «Мұғалімдердің оқу-әдістемелік құралдарды әзірлеуі мен педагогикалық тәжірибе алмасуы», «Ахмет Байтұрсынұлы еңбектеріне зерттеу жүргізу» бағыттары түрінде тиімді қолдануға болады деген тұжырым жасады. Бұл еңбектер оқу-тәрбие үрдісін жаңғыртуға, мұғалімдер мен оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді.
2023 жылдың 21 қазан күні «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы мен “ Zerde-Lider” білім беру орталығы ұйымдастырған 5-6 сынып оқушылары арасында математика және ағылшын тілі пәндерінен «Жас эрудит» қалалық олимпиаданың ІІ аудандық кезеңі өтті. Олимпиадаға Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейдің 5-6 сынып оқушыларынан мектепішілік кезеңнен жеңімпаз атанған 4 оқушы қатысты. Аудандық кезеңнің нәтижесінде 6 - сынып оқушылары Сайлаубек Елнар - ІІ орын және Сальменов Сансар -ІІІ орын иеленді. Жетекшісі жас маман, математика пәнінің мұғалімі Нұрболат Ардақ. Жүзден жүйрік атанып, білім сайысында оза шапқан шәкірттерімізді жеңісімен құттықтаймыз!
Қазанның 6-күні “Дарын” орталығының ұйымдастыруымен дәстүрлі ІІІ қалалық «Құтты білік» сайысы өтті. Сайысқа қаланың 80 мектебі қатысып, бақ сынасты. Мектебіміздің абыройын қорғауға “Топжарған” номинациясында 7А сынып оқушысы Сарсенбаев Мансур (жетекшісі Ильясова Л.Б.) “Ойтолғау” номинациясында 6А сынып оқушысы Мухамедиева Томирис (жетекшісі Аренова Ж.С) қатысты. “Қобыланды” батыр жырын мәнерлеп, жатқа айтқан Мансур жүлделі 2-орынға ие болса, жырдың мазмұны бойынша эссе жазған Томирис 3-орын иеленді. “Талаптың тұлпарын мінген” жеңімпаз оқушыларымызды және жетекшілерін құттықтаймыз!
Құттықтаймыз!
Астана қаласы әкімдігінің «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен өткен 8-11 сынып оқушылары арасындағы Х республикалық «Ақберен» өнер байқауының қалалық кезеңіне мектебіміздің 8 «А» сынып оқушысы Ахметов Абдулла «Ұлттық аспапта өнер көрсету» бағытында қатысып, жүлделі ІІІ орын иеленді. Жетекшісі Ж. Кируова. "Көркем сөз оқу " бағытында 10 "Ә"сынып оқушысы Серікбай Нұртас қатысып, жүлделі ІІІ орын иеленді. Жетекшісі Г. Қапшаева.
Өнерлі жастарымыз мектеп абыройын асқақтатып, жүзден жүйрік атанып, жүлделі орын иеленгендері үшін құттықтаймыз!
2022-2023 оқу жылында «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы ұйымдастырған 9-11 сынып оқушыларының Республикалық пән олимпиадасының қалалық кезеңінің қорытындысы жарияланды. Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейден 16 оқушы қатысып, оның 5-і жүлделі орындар мен 3-і Грамота иеленді.
2022-2023 оқу жылының І-жарты жылдығы бойынша оқушылардың олимпиадаларға, сайыстарға, ғылыми жобалар сайысына қатысу қорытындысы
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесі туралы ҚР Білім және ғылым министрінің 25.05.2021 № 232 бұйрығымен бектілген.