Бүгін: 21.11.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

МЕКТЕПТІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСЫ

 

 

МЕКТЕПТІҢ МИССИЯСЫ:  

Жаңашылдыққа бейім, ойлау дағдысы жоғары, ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген тұлғаны дамытуға бағытталған жайлы орта құру.

 

МАҚСАТЫ:  Білім алушылардың әлемдегі өзгерістерге тез бейімделе алатын қабілеттерін жетілдіру, білім беру үрдісінде озық әдістемелер арқылы оқушылардың сыни тұрғыда жан-жақты  ойлау  қабілетін дамыту. Ұлттық құндылықтарға негізделе отырып, құрмет, қамқорлық, жауапкершілік, еңбексүйгіштік, даму қағидатына сәйкес тәрбиелеу

 

І. Мұғалімдердің сапалық құрамы

   

Мұғалімдердің сапалық құрамы

    Барлық педагог саны-142

  • Жоғарғы біліктілік санатты мұғалімдер саны – 3
  • Педагог-зерттеуші- 47
  • Бірінші біліктілік санатты мұғалімдер саны – 1
  • Педагог –сарапшы - 23
  • Екінші біліктілік санатты мұғалімдер саны – 2
  • Педагог модератор - 26
  • Санаты жоқ жас мамандар – 24
  • Магистр - 31
  • Phd докторантура -3 

 

Оның ішінде: 

  • «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері»-1
  • Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері - 1
  • «Құрмет» ордені-1;
  • «Жаңашыл педагог»-1
  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Алғыс хаты» –  28
  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет Грамотасы- 32

  

Мектептегі әдістемелік жұмыс - ол біртұтас, әр мұғалімнің кәсіби шеберлігін жан-жақты көтеруге бағытталған бір-бірімен тығыз байланысты іс-шаралар мен әрекеттердің жиынтықтар жүйесі. Ол оқу үрдісіндегі әдістемелік талдау,  алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибелер мен ғылыми жетістіктерге негізделген педагог шығармашылығын жүйелеу.  

Әдістемелік жұмыстың басты мақсаты : білім мекемесінде қоғам талабына сай нəтижелі білім бере отырып, жас ұрпақты тəрбиелеу, дамытуда педагогтардың біліктілігін арттыру, шығармашылық еңбегін қалыптастыру, тиісті əдістемелік көмектер ұйымдастыру.

2022-2023 оқу жылында мектеп ұжымы «Педагог мамандардың үздіксіз білімін жетілдіру - кәсіби мәртебесінің жоғарылау негізі» тақырыбында жұмыс жасады.

 

Мақсаты:

Оқу үрдісінде заманауи әдәс-тәсілдерді меңгерген, жаңаша көзқарастағы мұғалімдер санын арттыру, заманауи қоғамдық талапқа бейімдеу.

 

Міндеті:

  1. Жалпы білім беру бағдарламасы және білім беру стандартын жүзеге асыру негізінде заманауи білім беру сапасына жету.

2.Жеке оқу қызметінің субъектісі ретінде оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыруды толық жүзеге асыру үшін жағдай жасау.

3.Мектептің жұмыс тәжірибесіне  оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыру кезінде жаңа білім беру технологияларын  енгізу.

  1. Мұғалімдердің педагогикалық шеберлігі, шығармашылық потенциалын дамытуға мүмкіндік туғызу.

 

Бұл мәселені шешу үшін мектепте келесі жағдайлар жасалды:

- негізгі тәртіп бойынша оқу жоспары құрылды;

- барлық әдістемелік бірлестіктің жұмыс жоспары жасалды;

- мектепте әдістемелік жұмыстың құрылымы құрылды;

- әдістемелік жұмыстың әр түрлі формалары пайдаланылды;

- мұғалімнің кәсіби өсуіне бағытталған байқауларға қатыстыру;

- педагогтарды марапаттау мен сыйақы тағайындау;

- біліктілік арттыру курстарына қатыстыру;

- аттестаттаудан өткізу;

Әдістемелік жұмыстың міндеті мен мақсаты келесі қызметтік бағыт бойынша жасалған:

- әдістемелік кеңес жұмысы ұжымдық әдістемелік іс-әрекет;

- педагогтарды білім жетілдіру курстарына қатыстыру және біліктілік санатты жоғарылату арқылы педагогикалық шеберліктерін арттыру;

- жас мамандармен және жаңадан келген мамандармен жұмыс;

- жеке-әдістемелік және инновациялық қызмет;

-диагностика-аналитикалық қызмет, психологиялық-педагогикалық  диагностика;

- әдістемелік әдебиетпен қамтамасыз ету.

- баспа беттеріне мақала жариялау

Мектепте оқушылардың жеке қабілетін дамытуды қамтамасыз ететін жоғары білікті педагогикалық ұжым жұмыс жасайды.

 

2022-2023 о/ж  педагог қызметкерлердің білім жетілдіруі  

Біліктілік арттыру курстары

2021-2022 о/ж 

2022-2023 о/ж 

«Өрлеу» БАО курстары

38

54

Педагогикалық шеберлік орталығы

7

4

Барлығы

45

58

 

Мектептегі әдістемелік жұмыстың негізгі бағытының бірі педагогтардың үнемі біліктілігін арттыру болып табылады. Мектеп педагогтары перспективтік жоспарға сәйкес 3 жылда бір рет «Өрлеу» БАО, НЗМ ПШО  қайта дайындау курсынан өтіп отырады. 2022-2023 оқу жылында өткізілген курстар пәндік құзіреттілік пен оқу бағдарламасының қиын тақырыптарын меңгеруге бағытталған тақырыптарда оқытылуда. Маусым, тамыз айларында да педагогтар біліктілік арттыру курстарынан өте алады

2022-2023 оқу жылында мектептің  педагог қызметкерлерін аттестаттау ережесіне сай біліктілік дәрежесін арттыру жұмыстары жүргізілді. Талапқа сай құжаттары жинақталып, педагогтардың сабақтарына бақылау жүргізілді. Сабақтарды бақылау үшін Қалалық әдістемелік орталық әдіскері Баяхметбаева К.І шақырылып, педагогтардың сабақтарына қатысып, талдау жасады.   

2023 жылғы 1 қыркүйекке дейін біліктілік санатының мерзімі аяқталатын педагогтер тізімі

Тегі аты, жөні

Лауазымы

Диплом бойынша квалификациясы

Санаты

Санат алған уақыты (бұйрық бойынша)

1

Сарсембетова Каракоз Серикбаевна

бастауыш сынып мұғалімі

бастауыш сынып мұғалімі

педагог-зерттеуші

2018 ж. тамыз "29"

2

Смагулова Назгуль Бекзановна

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

педагог-зерттеуші

2018 ж.тамыз "29"

3

Тогызбаева Раушан Сейдахметовна

ағылшын тілі пәні мұғалімі

ағылшын тілі пәні мұғалімі

педагог-зерттеуші

2018 ж.тамыз "29"

4

Шынгысбаева Шынар Калкамановна

география пәні мұғалімі

тарих және география пәні мұғалімі

Жоғары

2018 ж. наурыз "29"

5

Тлеубердиева Роза

көркем еңбек пәні мұғалімі

жалпы техникалық пәндер мұғалімі

Жоғары

2018 ж. наурыз "29"

6

Жанатаева Назира Якимовна

химия пәні мұғалімі

химия және биология  пәні мұғалімі

Жоғары

2018 ж. наурыз "29"

7

Қойбасарова Нұр Берікқанқызы

тарих және құқық пәні мұғалімі

тарих және құқық пәні мұғалімі

Жоғары

 

 

Бүгінгі таңда 6 мұғалім қалалық аттестаттау комиссиясына шығармашылық портфолиосын тапсырды.  3 -мұғалім тестілеуден өтті, 2 мұғалім қайта тапсыруға өтініш берді. 1 -мұғалім 30 жыл еңбек өтілімен шығармашылық портфолио ғана тапсырды. Аттестаттау комиссиясының шешімі тамыз айында жарияланады. 

 

Педагог кадрлардың  соңғы 2 жылдағы салыстырмалы біліктілік деңгейінің көрсеткіштері:

Санаты

2021-2022

2022-2023

 

саны

%

саны

%

Педагог-зерттеуші

52

34

47

 

Педагог -сарапшы

22

14

23

 

Педагог-модератор

27

16

26

 

Санаты жоқ

23

13

24

 

Жоғары

11

8

3

 

І санат

4

3

1

 

ІІ санат

3

2

2

 

Барлығы

145

90

142

 

2022-2023 оқу жылында санаты жоқ педагогтар - 17 %  көрсетіп отыр. Алдағы оқу жылында педагогтардың жетістіктерін саралап, аттестациядан өтуге ұсыныс берілді.

 

ЖАС МАМАНМЕН ЖҰМЫС

2022-2023 оқу жылында жас мамандардың шығармашылық қабілеттерін ашу және кәсіби деңгейін көтеру мақсатында  жас мамандар мен озық тәжірибелі мұғалімдердің байланысын бекітіп, жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету үшін мұғалімдер тәлімгер болып бекітілді.

2022-2023 оқу жылында жұмыс өтілі 3 жылға дейінгі 16 жас маман жұмыс істейді. Оның 7-уі осы жаңа оқу жылында жаңадан қабылданған педагогтер. Тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидаларын және тәлімгерлікті жүзеге асыратын педагогтерге қойылатын талаптарды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №160 бұйрығының негізінде 2022-2023 оқу жылында 7 жас мамандарға тәлімгерлер тағайындалды.

Тәлімгерлік жоспарының іс-шараларын іске асыру қорытындылары тыңдалып, жұмыстарын жетілдіру мақсатында ұсынымдар берілді.

Тәлімгердің аты-жөні

Лауазымы

Еңбек өтілі

Тәлім алушының аты-жөні

Лауазымы

1

Айтжанова Сауле Оразбаевна

Бастауыш сынып мұғалімі

19 жыл

Әлдей Ләззат Бекжанқызы

Бастауыш сынып мұғалімі

2

Өкмет Ақсу

Информатика пәні мұғалімі

21 жыл

Әтібек Назым Хамзақызы

Информатика пәні мұғалімі

3

Мерәлі Нұрпейіс Айдарбекұлы

Физика пәні мұғалімі

7 жыл

Шағдар Назерке Молдабекқызы

Физика пәні мұғалімі

4

Шетенова Ермек Нұржауаровна

Химия пәні мұғалімі

41 жыл

Қалдыбай Зарина Бауыржанқызы

Химия пәні мұғалімі

5

Тлеубердиева Роза Көлбайқызы

Көркем еңбек пәні мұғалімі

34 жыл

Сейдаханова Бақытгул Талғатқызы

Көркем еңбек пәні мұғалімі

6

Қилыбаева Алма Жақсылықовна

Математика пәні мұғалімі

18 жыл

Орынбаева Наргиза Рауановна

Математика пәні мұғалімі

7

Бакенова Айгүл Баякышовна

Математика пәні мұғалімі

19 жыл

Зинәбдинова Самал Серікқызы

Математика пәні мұғалімі

 Бірінші жарты жылдық қорытындысы бойынша Тәлімгерлердің есебі тыңдалды. Тәлімгерлер  тәлім алушылардың сабақтарына  қатысып,  әдістемелік көмек көрсетті. Сабақтарын талдау барысында өз ұсынысын білдіріп отырды. Тәлімгерлік жоспарға сәйкес жас мамандар мектепішілік іс-шараларға қатыстырылды. Пәндік апталықтарда ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар ұйымдастырып, спорттық эстафеталарға қатысып отырды. Атап айтар болсақ, 8-наурыз халықаралық  әйелдер күні мерекесі қарсаңында мектепішілік 7-9  сыныптар арасында «Ару тынысы» байқауын Cейдаханова Бақыткүл Талғатқызы ұйымдастырды. Физика, математика, информатика және жаратылыстану пәні апталығы аясында 5-6-7 сыныптар арасында сыныптан тыс іс-шараларды Орынбаева Наргиза Рауановна, Зинәбдинова Самал Серікқызы, Әтібек Назым Хамзақызы, Шағдар Назерке Молдабекқызы, Қалдыбай Зарина Бауыржанқызы  сәтті ұйымдастырды. Мектепішілік спорттық эстафетаға қатысып, жүлделі орындар иеленді. «Мектеп тынысы» журналын құрастыруға ат салысты. Жас мамандардың жұмыс нәтижесінде Әлдей Ләззат Бекжанқызының 2 оқушысы «Ақбота» зияткерлік олимпиадасынан 2 орын иеленді. Бастауыш сынып апталығында үздік сабақ көрсете алды.  Еуразия Ұлттық университеті ұйымдастырған химия пәнінен аймақтық олимпиадада Қалдыбай Зарина Бауыржанқызының 7 сынып оқушысы ІІІ орын иеленді.

   Жоспардан тыс Тәлімгерлер мен жас мамандар Астана қаласының әдістемелік орталығының ұйымдастырылған: «Үздік ұстаз – үлгілі кеңес», «Жас маман тәжірибесінен: ізденістер мен жетістіктер», «Оқытамын, үйренемін...», «Жас ұстаз: табысқа апарар жол», «Стандартты емес сабақтар» тақырыптарындағы семинарлар мен форумдарға қатысты.

Астана дарыны ұйымдастырған «Зерттеушілік жобалар конкурсына мектеп жұмыстарын дайындау» тақырыбында семинар-тренингіге қатысты.

 

жылдар

2020-2021

2021-2022

2022-2023

Жас мамандар

14

20

16

 

ПЕДАГОГТАРДЫҢ КӘСІБИ КОНКУРСТАРҒА ҚАТЫСУЫ

 «Астана дарыны» ұйымдастырған «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық   конкурстың қалалық кезеңіне 3 мұғалім қатысып, грамота иеленді. 

Бағдарламаның тақырыбы

Бағыты

Авторы

1

«Түркі әлемінің бесігі» 7 сыныпқа арналған таңдау курсы бағдарламасы

Жаратылыстану-математикалық

(бағдарлама)

Кожахметова Айнур Капановна

2

«Химиялық есептерді шығару» 

 9 сынып оқушылары-на арналған таңдау курсы бағдарламасы

Жаратылыстану-математикалық

(бағдарлама)

Шетенова Ермек Нуржауаровна

3

«Математика және ой дамыту» 2- сыныпқа арналған

факультатив  курсы бағдарламасы

Жаратылыстану-математикалық

(бағдарлама)

Абденова Карлыгаш Казизовна

 

 

Сонымен қатар, қалалық Әдістемелік орталықтың ұйымдастыруымен өткен «Үздік авторлық бағдарлама» байқауына   химия пәні мұғалімі Шетенова Е.Н. қатысып,   «Химиялық есептерді шығару»   9 сынып оқушыларына арналған таңдау курсы бағдарламасы сараптамалық кеңестен өтіп, қала көлемінде таратылуға ұсынылды.

Қалалық оқу әдістемелік кеңесінің  24.03.2023 ж. №2 хаттамасы негізінде.

Педагогикалық шеберлік орталығының ұйымдастыруымен Информатика пәні мұғалімі Секенқызы Айнұрдың  «PYTHON тілінде программалау» тапсырмалар жинағы басылып, республика көлемінде таратылуға ұсынылды. Әдістемелік орталық ұйымдастырған  «Жас мамандар» байқауына А. Секенқызы қатысып, сертификат иеленді.

«Үздік педагог -2022» республикалық байқауының қалалық кезеңіне физика пәні мұғалімі Мерәлі Н тәжірибелері жинақталып, ұсынылды.

Педагогикалық шеберлік орталығының Қазақстан Республикасы педагогтеріне арналған «Шамшырақ» онлайн алаңының жылдық жұмыс нәтижесін қорытындылауға арналған тікелей көрсетілімге Мерәлі Н тәжірибесі таратылып, Алғыс хатпен марапатталды.

«Ахмет және ұлттық болмыс» республикалық фестиваль аясында өткен байқауға қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Смагулова Н.Б қатысып, Алғыс хат иеленді

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А. Момынқұлова мен тарих пәні мұғалімі А. Сапарғалидың баяндамасы жинаққа енгізілді.

Педагогикалық шеберлік орталығы өткізген Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдары педагогтерінің «Lesson Study: рефлексивті тәжірибеден тұрақты көшбасшылыққа» І Ұлттық конференциясына спикер ретінде тәжірибесімен бөлісуге  бастауыш сынып мұғалімдері Сапахова Д.А., Қабыкеева Ү.Т. қатысып, сертификат иеленді.

Астана Дарыны ұйымдастыруымен өткен  57-ші Халықаралық Менделеев олимпиадасы аясында химия пәні мұғалімдеріне арналған «Химия пәнінен олимпиада есептерін шешу» семинарына Шетенова Е.Н тәжірибесімен бөлісіп, сертификат иеленді.

ҚР оқу-ағарту министрінің пәндік сараптамалық комиссия қорытындысымен құрылған жұмыс тобына мектебімізден бастауыш сынып мұғалімі Сагимбаева Д.М. оқулық сараптамасына қатысып сертификат иеленді.

 

ӘДІСТЕМЕЛІК БІРЛЕСТІК ЖҰМЫСЫ ЖӘНЕ ПӘН АПТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҮРГІЗІЛУ САПАСЫ ТУРАЛЫ

 

Мектебімізде 2022-2023 оқу жылында 8 әдістемелік бірлестік жұмыс атқарып келеді.  Әдістемелік бірлестік жұмысы негізігі тәртіпте бекітілген:

  • тоқсан сайын әдістемелік бірлестік отырысы,

-  мектеп оқушыларының оқу мотивациясын арттыру бағытындағы пән апталығы,

- пән бойынша өткізілетін білім сайыстары, олимпиадалар мен байқаулардың ережелерін құрастырумен,

- мұғалімдердің ғылыми-әдістемелік ұсынымы бойынша әдістемелік семинарлар өткізу,

- ашық сабақтар мен сыныптан тыс шараларды  өткізу және ұйымдастыру,

- өзара сабаққа қатысу, талдау, озат тәжірибені зерттеу мен оны таратуды

- мұғалімдердің өздігінен білім алуына арналған семинарлар мен тренингтер өткізу,

Әдістемелік бірлестік жұмысы оқу жылына арналған жұмыс жоспарына сәйкес жүргізіледі.

Пән бірлестігінде пәндік олимпиада материалдары жасақталып, бекітілді. Оқушылар мен пән мұғалімдерді қалалық байқаулар мен зияткерлік сайыстарға, конференциялар мен семинарларға қатыстыру үшін бірлестік жетекшілерімен тығыз байланыс жасалып отырды.  

   Пән апталықтарының жүргізілуі

Жыл бойы әр бірлестікке онкүндік қойылып, мектепшілік жоспарға енгізілді.            2022-2023 оқу жылының алғашқы аптасы 5 қыркүйек Тілдер күнімен бірге ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы мектебімізде жоспарланып, өткізілді.  3-6 қыркүйек аралығында Ахмет Байтұрсынұлының туған ауылы Ақкөлге мектебімізден "Алаш" экспедиция тобы құрылып, А. Байтұрсынұлының  туған жеріне барып, рухына құран бағыштап және зерттеу жұмыстарын жүргізіп келді.  Экспедиция жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Алтын Момысқызы.  Сонымен қатар 5 қыркүйек  «Ахмет Байтұрсынұлы - ғасыр саңлағы» тақырыбында жас мамандарға арналған қалалық семинар өткізілді. Семинарға қала мектептерінен  50-ден аса жас ұстаздар қатысты. "Мұғалім - мектептің жаны" тақырыбындағы коучингте А. Байтұрсынұлының шығармалары мен өлеңдеріне талдау жасап, тиімді әдіс - тәсілдерді қолдану ерекшеліктерін көрсетті.

10.10-20.10 аралығында «Қазақ тілі - мәңгілік елдің мәртебелі тілі» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің онкүндігі өткізілді. Ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар өткізілді. «Мақсұтым - тіл ұстартып, өнер шашпақ» ақын Е.Жүніспен поэзия сағаты, «Менің елім - кеудемдегі жүрегім» тақырыбында ақын, ғалым Қ.Мамаділді еске алу кеші мәнді де мағыналы ұйымдастырылып өткізілді.

 

28.11-9.12 аралығында Ағылшын тілі пәні бірлестігінің апталығы жоспарланып өткізілді. Оқушылардың ағылшын тілде сөйлеу дағдысын арттыруға бағытталған іс-шаралар жоспарланған. Көрнекі құралдармен безендірілді. Оқушылардың еркін сөйлеу, сөздік қорын арттыру мақсатында арнайы орталықтан қонақ шақырылып, оқушылармен кездесу ұйымдастырылды.

 

12.12-22.12 аралығында «Тарих, Тағылым. Тәуелсіздік» тақырыбында қоғамдық пәндер онкүндігі жоспарланып өткізілді. Ерекшелігі: Мұражайдағы сабақ ұйымдастырылды. Сыныптан тыс «Квест ойыны» өткізілді.

 

20.02-03.03 аралығында «Жаратылыстану әлеміне саяхат» тақырыбында жаратылыстану пәні бірлестігінің онкүндігі өткізілді. Ашық сабақтар, сыныптан тыс іс-шаралар, тәжірибелер жасау сынды жұмыстар жүргізілді. «Бүгінгі баланы қалай олимпиадаға қызықтыра аламыз?» тақырыбында республикалық үздік мұғалім байқауының жеңімпазы Муамер Гульмен кездесу өткізілді. Өскелең ұрпақты отансүйгіштікке, патриоттыққа тәрбиелеу мақсатында өнер қайраткері Ибрагим Ескендірмен кездесу ұйымдастырылды.

  

Барлық сыныптарға  бір мезгілде «А. Байтұрсынұлы - адамдық пен білім диқаншысы» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.  6 қыркүйек күні Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы, «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ZOOM платформасында  «Ана тілім – қадірлім де қастерлім» тақырыбында  онлайн конференция өткізді. Конференцияда оқушылар  Ахмет Байтұрсынұлының шығармалары мен жыр-шумақтарын мәнерлеп оқыды.

 

18.10-29.10 аралығында қазақ тілі мен әдебиеті пәні апталығы өткізілді.

Апталықта  ашық сабақтар мен сыныптан тыс-іс-шаралар ұйымдастырылды. А.Байтұрсынұлының тіл білімі мен әдебиеттану саласына қосқан еңбегі туралы дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Ғалымдармен кездесу сағаты өткізілді.

18.11-25.11 аралығында ағылшын тілі пәні бірлестігінің апталығы өтті. Жас мамандардың үздік сабақтары көрсетілді. Ағылшын тілде оқу клубының жұмысы көрсетіліп, әдеби кітаптарға шолу жасалды. Сандық рессурстарды тиімді қолдана отырып, ашық сабақтар топтамасы көрсетілді.

07.12 - 15.12 қоғамдық пәндер  бірлестігінің апталығы өтті. Ұлттық мұражайға онлайн саяхат жасалды. «Ұлт ұстазы-Ахмет Байтұрсынұлы» тақырыбында ЕҰУ ғалымдарымен мазмұнды конференция өтті.

19.01-29.01 аралығында физика, математика, информатика пәндері бірлестігінің апталығы өтті. Апталықта сыныптан тыс іс-шаралар мен ашық сабақтар жоспарланып өткізілді. Үміткер үздіктер, математикалық сандық, танымдық сайыс сынды іс-шаралар оқушылардың белсенділігін көрсетіп, қызығушылықтарын арта түсті.

01.02-11.02 аралығында өзін-өзі тану апталығы өтті. Апталықта рухани адамгершілік бағытқа негізделген іс-шаралар көптеп ұйымдастырылды. «Сүйіспеншілік жолындағы өмір» тақырыбында бірыңғай республикалық өзін-өзі тану сабағы өтті. «Алаш мұрасы және ХХІ ғасыр» тақырыбында  кездесу сағаты ұйымдастырылды..

14.02.-26.02 аралығында жаратылыстану пәні бірлестігінің апталығы өтті.  Апталықта ашық сабақтар, сайыстар, тәжірибелер жасау, ғалымдармен кездесу сынды түрлі танымдық іс-шаралар жоспарланып өткізілді. «Ұлт Ұстазы» А.Байтұрсынұлы мұражай үйіне онлайн саяхат жүргізілді. С.Сейфуллин мұражайына саяхат жасалды.

11.04.-15.04 аралығында «Тиімді оқыту идеяларын қолдану арқылы, бағалаудың түрлерін дамыту» тақырыбында бастауыш сынып апталығы өтті. Апталықта ашық сабақтар, сыныптан тыс іс-шаралар ұйымдастырылды. «Менің сүйікті мектебім» эссе байқауы, Білгірлер бәйгесі, ХХІ ғасыр көшбасшысы сынды зияткерлік сайыстар өткізілді.

04.05-14.05 аралығында орыс тілі бірлестігінің апталығы өтті. Жеңіс күні аясында ашық сабақтар, кіріктірілген саяхат сабақ, танымдық сайыстар, лингвистикалық турнир,  әдеби-музыкалық композиция  түріндегі іс-шаралар өткізілді. Оқушыларды белсенді қатыстыра алды.

 

Педагог қызметкерлердің жетістіктері (2021-2022 о.ж) 

 

Мұғалімдердің аты-жөні

Конкурс, байқаулардың тақырыбы

Өткізілген орны, мерзімі, дәлелдейтін құжат

1

Желдыбаева Жарқын Сембаевна

«Үздік авторлық бағдарлама», қалалық  конкурсы

Сертификат

Нұр-Сұлтан қаласы,

15-20 қазан 2022ж.

Сертификат

2

Ертаева Гүлнұр Ратовна

 

 «Менің педагогикалық қызметім» тақырыбындағы математика пәні мұғалімдеріне арналған қалалық байқау

Нұр-Сұлтан қаласы

Диплом ІІ орын

3

Махшар А

«Үздік бастауыш ұйымы» қалалық кәсіподақ төрайымдар конкурсы

І орын

Нұр-Сұлтан қаласы

Диплом І орын

4

Шетенова Ермек Нұржауаровна

  «Химия және биология сабағында практикалық дағдыларды дамыту. МЖБС талаптарына  сәйкес химиялық -биологиялық білім беруді модернизациялау» тақырыбындағы онлайн семинарда спикер

Нұр-Сұлтан қаласы

Білім беруді жаңғырту орталығы. 2021 ж.

Алғыс хат

5

Ильясова Ляззат Бактыбаевна

"Жас маман - білім беруді жаңғыртудың негізгі тұлғасы" тақырыбында қалалық семинар

Нұр-Сұлтан қаласы

Білім беруді жаңғырту орталығы. 2021 ж.

Алғыс хат

6

Шетенова Е.Н

«Үздік пән мұғалімі» байқауында қазылар алқасы ретінде адал баға берген жоғары кәсіби біліктілігі үшін

Нұр-Сұлтан қаласы

Білім беруді жаңғырту орталығы. 2022 ж.

Алғыс хат

7

Капшаева Г.А

«Білім сапасын қамтамасыз етудегі бағалаудың рөлі» - Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына арналған халықаралық дөңгелек үстелде тәжірибесімен бөліскені үшін

Нұр-Сұлтан қаласы

Алғыс хат

8

Иманүсенов Н.А

"Ахмет Байтұрсынұлы оқулары аясында" Ы.Алтынсарин және қазақ ағартушылығы" атты халықаралық ғылыми әдістемелік конференцияда баяндама оқығаны үшін

Нұр-Сұлтан қаласы

Алғыс хат

9

Садыкова З.Ж.

"Ахмет Байтұрсынұлы оқулары аясында" Ы.Алтынсарин және қазақ ағартушылығы" атты халықаралық ғылыми әдістемелік конференцияда баяндама оқығаны үшін

Нұр-Сұлтан қаласы

Алғыс хат

10

Ибраймова Қ.И

«Білім алушы ұйым ретіндегі мектеп: бірге үйренеміз» атты ІІ Аймақаралық онлайн форумында тәжірибесімен бөліскені үшін

Нұр-Сұлтан қаласы

ПШО. 2021 ж.

Алғыс хат

11

Нанаева А.Ш.

Ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған «Үздік онлайн сабақ» байқауы, 2 орын

Нұр-Сұлтан қаласы

Білім беруді жаңғырту орталығы. 2021 ж.

Диплом 2 орын

12

Махсатова Г.Р

«Талантты ұстаз-дарынды балаларға» қалалық  педагогикалық олимпиада

Грамота

Нұр-Сұлтан қаласы

Астана Дарыны 2022 ж.

13

Айтмұратова Ф.Н

Қалалық жас математика пәні мұғалімдерінің олимпиадасы

3 орын

Нұр-Сұлтан қаласы

Астана Дарыны 2022 ж.

14

Құттымұратова Ф.С

Қалалық жас математика пәні мұғалімдерінің олимпиадасы

4 орын

Нұр-Сұлтан қаласы

Астана Дарыны 2022 ж.

15

Мұхамеджанқызы Салтанат.

Қалалық жас математика пәні мұғалімдерінің олимпиадасы

3 орын

Нұр-Сұлтан қаласы

Астана Дарыны 2022 ж.

16

Мерәлі Нұрпейіс Айдарбекұлы

Қалалық физика пәні мұғалімдерінің олимпиадасы

Сертификат

Нұр-Сұлтан қаласы

Білім беруді жаңғырту орталығы. 2022 ж.

 

17

Мерәлі Нұрпейіс Айдарбекұлы

Республикалық  «Шамшырақ» ПШО электронды порталында «Жасампаз жас ұстаз» тәжірибесі таратылды

Нұр-Сұлтан қаласы

ПШО. 2022 ж.

Алғыс хат

 

Республикалық, қалалық деңгейдегі кәсіби  басылымдарда, баспа беттерінде жарық көрген мұғалімдердің  шығармашылық жұмыстары 

 

Мұғалімдердің аты-жөні

Республика көлемінде

Тақырыбы

1.

Нанаева А.Ш

«Білімді ел» республикалық басылым

«Ағылшын тілінде ауызша сөйлеуге үйретудің тиімді жолдары»

2

Нанаева А.Ш

«Елордалық білім» қалалық басылым №11

«Ағылшын тілінде ауызша сөйлеуге үйретудің тиімді жолдары»

3

Абдукаримова Б.К

«Білімді ел» республикалық басылым

«Оқушылардың ағылшын тілі пәніне деген қызығушылықтарын ояту»

4

Абдукаримова Б.К

«Елордалық білім» қалалық басылым №1, 31 қаңтар, 2022 жыл.

«Оқушылардың ағылшын тілі пәніне деген қызығушылықтарын ояту»

5

Аязбаева П

«Білімді ел» республикалық басылым №3 25 наурыз, 2022 жыл.

«Тілдік құзіреттілік»

6

Бұлтыңбаева А.Қ

«Елордалық білім» қалалық басылым №1.31 қаңтар, 2022 ж.

«Жаңартылған бағдарламаның жас ұрпаққа берері мол»

7

Омаршаева Н.Т

«Елордалық білім» қалалық басылым

23.08.2022ж. №8

«Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы»

  

SWOT талдау

Мықты жағы (S)

Әлсіз жағы  (W)

- мектепшілік пәндік  апталықтардың жүйелі жүргізілуі;

- қалалық семинарларға сабақ, онлайн-тренингтердің өткізу деңгейінің жоғарлауы;

- мұғалімдердің біліктілік санаттарын жоғарылату сапасы;

- ЕҰУ ғалымдарымен жүйелі байланыс жүргізуі;

-тәлімгерлер мен тәлім алушылардың жұмысының жүйелі жүргізілуі;

-пән мұғалімдерінің өзара тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылған апталықтар мен түрлі іс-шараларға қатысып, тәжірибе алмасуы;

- тәжірибелі ұстаздардың авторлық бағдарламаларын қорғап, таратылуының әлсіздігі;

- LS-сабақты зерттеу жұмысының жүйелі жүргізілмеуі;

- қалалық конкурстарға қатысу деңгейінің төмендігі;

 -bilimland.kz-порталындағы электрон-ды ресурстарды қолдану деңгейінің төмендігі;

Мүмкіндіктер (O)

Қауіп-қатерлер (T)

-кәсіби өсуге бағытталған семинарлар мен шебер сыныптардың мектепте жүргізілуі;

-үйретушілік семинарлар мен тренингтердің жоспарлы өткізілуі;

- оқытуда білім ресурстарының қолжетімділігі (smk.edu.kz; nao.kz, Bilimland.kz,darun.online.kz);

-өз авторлық бағдарламаларының қорғалуынан қолданбалы курстардың жүргізілмеуі;

 

 

 

Директордың бейіндік  ісі-жөніндегі орынбасары                Қ.Ибраймова