Бүгін: 08.10.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқу орнының аталуы – Астана қаласы әкімдігінің

«Ахмет Байтұрсынұлы атындағы  № 48 мектеп-лицей» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны

Мекен- жайы – Астана қаласы, Ж.Жирентаев көшесі, 15/2

Оқытылатын тілі – мемлекеттік

Жоба қуаттылығы – 1200 орындық

Құрылыс мекемесі –  «Эверест» ЖШС

Мектептің ашылуы -2004 жыл

Мектептің жалпы көлемі – 15,122м2

Мектептегі оқушылар саны – 1688

Мектептегі педагог саны – 144

Мәжіліс залы – 400 орын

Мектеп асханасы – 340 орын

Оқу кабинеттерінің саны – 67

Спорт зал – 2

Мектеп директоры – Әметбеков Ғани Бахытұлы

2022-2023 оқу жылындағы мұғалімдердің біліктілік сапалық құрамы: Педагог зерттеуші -47, педагог -сарапшы-24, педагог –модератор -27, педагог-9, жоғарғы санатты -3, екінші санатты-2, санаты жоқ-24, декреттік демалыста-8, магистрант-5, магистр-32, докторантура PhD-4. 1688 оқушыға білім беруде. Мектеп жаратылыстану-математикалық бағытта білім береді.

Мектептің миссиясы:

Жаңашылдыққа бейім, ойлау дағдысы жоғары, ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген тұлғаны дамытуға бағытталған жайлы орта құру.

Мақсаты: Білім алушылардың әлемдегі өзгерістерге тез бейімделе алатын қабілеттерін жетілдіру, білім беру үрдісінде озық әдістемелер арқылы оқушылардың сыни тұрғыда жан-жақты  ойлау  қабілетін дамыту. Ұлттық құндылықтарға негізделе отырып, құрмет, қамқорлық, жауапкершілік, еңбексүйгіштік, даму қағидатына сәйкес тәрбиелеу.

Міндеттері:

Жаңашылдық

  • Әлеуметтік сұраныстарға сәйкес білім беру үрдісінде жаңашылдыққа бейім кәсіби орта құру;
  • Сандық технологияны пайдаланудың оңтайлы әдістерін қолдану;
  • Білім алушылардың сыни ойлау, креативтілік, коллаборативтік, коммуникативтік дағдыларын дамыту;

Ойлау дағды

  • Оқушының өздігінен жұмыс жасауын нығайту, зерттеу мен ой икемділігін оқушылардың танымдық белсенділігі арқылы жүзеге асыру;
  • Оқушының ынтасы мен қызығушылығын арттыруға  бағытталған тиімді әдіс-тәсілдерді қолдануға мүмкіндік жасау;
  • Жаратылыстану-математика бағытындағы пәндердің  білім сапасын арттыру мен білім олқылықтарын толықтыру жұмыстарын кеңінен қарастыру;

Ұлттық құндылықтар

  • Қазақ халқының құнды ойларын, олардың өмірлік тәжірибесін қолданып, құрмет, сүйіспеншілік, қамқорлық тәрізді ұлттық  рухты, өзіндік көзқарасы бар жеке тұлғаны тәрбиелеу;
  • Ұлттық болмысты дәріптеуге бағытталған тәрбиелік іс-шаралар мен шығармашылық жобалар ұйымдастыру