Оқу орнының аталуы – Астана қаласы әкімдігінің
«Ахмет Байтұрсынұлы атындағы № 48 мектеп-лицей» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны
Мекен- жайы – Астана қаласы, Ж.Жирентаев көшесі, 15/2
Оқытылатын тілі – мемлекеттік
Жоба қуаттылығы – 1200 орындық
Құрылыс мекемесі – «Эверест» ЖШС
Мектептің ашылуы -2004 жыл
Мектептің жалпы көлемі – 15,122м2
Мектептегі оқушылар саны – 1688
Мектептегі педагог саны – 144
Мәжіліс залы – 400 орын
Мектеп асханасы – 340 орын
Оқу кабинеттерінің саны – 67
Спорт зал – 2
Мектеп директоры – Әметбеков Ғани Бахытұлы
2022-2023 оқу жылындағы мұғалімдердің біліктілік сапалық құрамы: Педагог зерттеуші -47, педагог -сарапшы-24, педагог –модератор -27, педагог-9, жоғарғы санатты -3, екінші санатты-2, санаты жоқ-24, декреттік демалыста-8, магистрант-5, магистр-32, докторантура PhD-4. 1688 оқушыға білім беруде. Мектеп жаратылыстану-математикалық бағытта білім береді.
Мектептің миссиясы:
Жаңашылдыққа бейім, ойлау дағдысы жоғары, ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген тұлғаны дамытуға бағытталған жайлы орта құру.
Мақсаты: Білім алушылардың әлемдегі өзгерістерге тез бейімделе алатын қабілеттерін жетілдіру, білім беру үрдісінде озық әдістемелер арқылы оқушылардың сыни тұрғыда жан-жақты ойлау қабілетін дамыту. Ұлттық құндылықтарға негізделе отырып, құрмет, қамқорлық, жауапкершілік, еңбексүйгіштік, даму қағидатына сәйкес тәрбиелеу.
Міндеттері:
Жаңашылдық
- Әлеуметтік сұраныстарға сәйкес білім беру үрдісінде жаңашылдыққа бейім кәсіби орта құру;
- Сандық технологияны пайдаланудың оңтайлы әдістерін қолдану;
- Білім алушылардың сыни ойлау, креативтілік, коллаборативтік, коммуникативтік дағдыларын дамыту;
Ойлау дағды
- Оқушының өздігінен жұмыс жасауын нығайту, зерттеу мен ой икемділігін оқушылардың танымдық белсенділігі арқылы жүзеге асыру;
- Оқушының ынтасы мен қызығушылығын арттыруға бағытталған тиімді әдіс-тәсілдерді қолдануға мүмкіндік жасау;
- Жаратылыстану-математика бағытындағы пәндердің білім сапасын арттыру мен білім олқылықтарын толықтыру жұмыстарын кеңінен қарастыру;
Ұлттық құндылықтар
- Қазақ халқының құнды ойларын, олардың өмірлік тәжірибесін қолданып, құрмет, сүйіспеншілік, қамқорлық тәрізді ұлттық рухты, өзіндік көзқарасы бар жеке тұлғаны тәрбиелеу;
- Ұлттық болмысты дәріптеуге бағытталған тәрбиелік іс-шаралар мен шығармашылық жобалар ұйымдастыру