Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрлігі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2024 жылдың 23-27 қыркүйек аралығында педагогикалық жиналыстарын ұйымдастыру қажеттілігі бойынша 27 қыркүйек күні «Бала қауіпсіздігі қоғам келешегі» тақырыбы аясында ұжыммен жиналыс өткізді.
Күн тәртібі: Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын өзектендіру.
Бүгін біздің 5-сынып оқушыларымыз ерекше бір күнді атап өтуде – Әдеп күні. Бұл күннің мақсаты – әдептілік, сыпайылық және құрмет көрсету мәдениетін қалыптастыру
Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында
«Өнегелі-15 минут» - ата-аналардың баласымен мінез-құлық және адамгершілік, еңбекқорлық
туралы, мектебіміздің 4 «Ә»сынып оқушысы Алғабай Наздың әкесімен жеке уақыт өткізу кезінен.
Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында, оқушыларымызды еңбекке баулу арқылы жан-жақты дамытуға арналған іс-шараларымыз өтіп жатыр. Осы айда біз еңбекке деген ынтаны арттырып, кәсіби біліктілікті дамытуға ерекше көңіл бөлеміз. Оқушыларымыздың қабілеттерін шыңдап, болашақта табысты болуына ықпал етейік!
Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу мақсатында, 15 минуттық қоңырауда күй ойнатылып 1-11 сынып оқушылар арасында, ұлттық нақыштағы киімдер кию, ұлттық ойындар ойнату, ұлттық құндылықты меңгеру мақсатында түрлі викториналар жүргізілді!
Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Өнегелі-15 минут» - ата-аналардың баласымен мінез-құлық және адамгершілік, еңбекқорлық туралы, мектебіміздің 7 «Б»сынып оқушысы Әмірәлі Бекұланның әкесімен жеке уақыт өткізу кезінен үзінді.