Алматы ауданының Төтенше жағдайлар басқармасы мұзға шығу қаупі туралы ескертеді. Алғашқы аяздың басталуымен және жұқа мұздың пайда болуымен су тоғандарында төтенше жағдайлар қаупі артады. Жыл сайын осы уақытта тоғандарда ондаған-жүздеген адам қаза табады. Су объектілеріндегі мінез-құлықтың негізгі ережелерін есте сақтау өте маңызды, өйткені қарапайым сақтық шараларын қолдану – сіздің қауіпсіздігіңіздің кепілі!
🧊Мұздың төмен беріктігін ескере отырып, мұзға шығуға тыйым салынады! Мұзда оның қалыңдығы тұщы суда кемінде 10 сантиметрге және тұзды суда 15 сантиметрге жеткенде ғана қозғалуға болады. Мұздың беріктігін көзбен анықтауға болады: көк мұз берік, ал ақ мұздың беріктігі 2 есе аз. Сұр, күңгірт ақ немесе сары реңктері бар мұз ең сенімсіз болып табылады. Қараңғы және нашар көрініс уақытарында (тұман, қар, жаңбыр) мүлдем мұзға шығуға болмайды.
⚠️Ата-аналардан балаларды қараусыз қалдырмауды сұраймыз.
Егер сіз су объектісіндегі жазатайым оқиғаның куәгері болсаңыз, шұғыл түрде «112» или «101» телефон нөмірі арқылы көмек сұраңыз.
Бүгін, 30 қазан күні, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде А. Байтұрсынұлы атындағы «Әдіскер ұстаз» зертхана жұмысының отырысы ұйымдастырылды. Астана қалалық әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК әдіскері Жанар Маманова және А.Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейі мұғалімдерінің ұйымдастыруымен өткен шара мазмұнға бай, тағылымға толы болып, көпшілік көңілінен шықты. Іс-шараға қала мектептерінен 40-тан астам ұстаздар қатысып, өздерінің зерттеу жұмыстарымен бөлісті. Отырыстың мақсаты Ахмет Байтұрсынұлының әдістемелік идеялары негізінде педагогикалық инновациялық қызметінің тәжірибелерін жинақтауға, оқу-тәрбие үрдісінде қолдануға мүмкіндік жасау болса, іс-шараға қатысушылар Ұлт ұстазының еңбектерін зерттеу, оның кемел идеяларын жас өркеннің оқу-тәрбиесі ісіне тиімді пайдалану, ұлы ғұламаның өшпес бай мұрасын насихаттауда еселі еңбек етіп, ізденгендіктерін көрсете білді. Ахмет Байтұрсынұлының әдістемелік идеялары қазақ білім мен ғылымының дамуына үлкен үлес қосты. Жиын қатысушылары ғұлама ғалымның еңбектері, педагогикалық инновациялық қызметі мен идеяларын оқу-тәрбие үрдісінде «Тілді оқыту әдістемесі», «Мазмұн мен әдістеме», «Дамытушылық тәсіл», «Ұлттық сана-сезімді қалыптастыру», «Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту», «Білім берудегі мысал өлеңдерді қолдану тәсілдері», «Мұғалімдердің оқу-әдістемелік құралдарды әзірлеуі мен педагогикалық тәжірибе алмасуы», «Ахмет Байтұрсынұлы еңбектеріне зерттеу жүргізу» бағыттары түрінде тиімді қолдануға болады деген тұжырым жасады. Бұл еңбектер оқу-тәрбие үрдісін жаңғыртуға, мұғалімдер мен оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейінде отбасылық құндылықтарды сақтау, әкелердің бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру, ата-аналардың жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын ұйымдастырудағы рөлін арттыру мақсатында құрылған Әкелер кеңесінің жиналысы болып өтті.
Тәрбие процесін ұйымдастыруда және басқаруда мектепке көмек көрсету, отбасылық тәрбиенің жақсы жақтарын насихаттау, өскелең ұрпақты тәрбиелеуде және білім беру мекемелерінде балалардың қауіпсіздігін сақтау шараларын ұйымдастыруды жоспарлаған басқосуда жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық және ата-аналардың жауапкершілігі, балаларды интернетойындар мен лудоманиядан сақтандыру, буллинг пен кибербуллингтің алдын-алу мәселелері туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейінде 2024 жылдың 24 қазаны күні "Республика күніне" орай ата-аналар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Әкелер кеңесі» мүшелерінің қатысуымен волейболдан турнир өткізілді.
Қызықты да тартысты өткен спорт додасында Қозыбақов Жалғас «Үздік қорғаушы», Жетпісбаева Гүлдана «Үздік доп ұзатушы», Сламия Мұхтар «Үздік шабуылшы», ал Айнабеков Ерғазы турнирдің «Үздік ойыншы» атанса, «№48 Мектеп» және «Намыс» командалары жүлделі ІІІ орынмен, «Астана» командасы жеңіске бір қадам жетпей ІІ орынмен марапатталды, үздік ойынымен танылған «Сұңқар» командасы жеңімпаз атанып, І орынды иеленді.
Іс-шараға атсалысқан барша ата-аналарымызға алғыс білдіреміз.
Астана қаласының əкімдігі, «Astana Innovations» АҚ, «Астана Дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау жəне қолдау орталығы» МКҚК., Астана қаласының білім беру басқармасы жəне «STEM Academia» ЖШС ұйымдастыруымен Астана қ., Quantum Tech School кванттық техникалық мектебінде
оқушыларға арналған «STEM Olympiad – білім берудегі инновация» қалалық олимпиадасына 75 команда қатысып, үздік деп танылған, ең жоғарғы ұпайды жинаған 30 команда ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРГЕ өтіп, жолдама алды.
Біздің мектеп, яғни Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейінен ERAIS48 командасы 75 команданың ішінен алға суырылып, жоғарғы ұпай алып, жақсы нәтижемен 11-орынды иеленіп, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРГЕ ЖОЛДАМА АЛДЫ.
ERAIS48 командасының мүшелері:
Сагнаев Аслан 9Д
Ильясов Амир 9Д
Серік Жігер 10
Ғылыми жетекшісі: Айнұр Секенқызы
14 қазан мектебімізде “Біртұтас тәрбие”бағдарламасы аясында 1-4 сыныптар арасында өткізілген «Күзгі асар» тақырыбында жәрмеңке өткізілді.
Мақсаты: «Күзгі асар» жәрмеңкесі 1-4 сынып оқушыларының ұжымдық рухын көтеруге, еңбекқорлық пен шығармашылық қабілеттерін дамытуға сонымен қатар қаржылық сауаттылықтарын арттыруға көмектеседі.
Аса ұйымшылдықпен атқара білген бастауыштың сынып жетекшілеріне және ата-аналарына үлкен алғыс білдіреміз.