Бүгін: 23.11.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы мен Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясымен бірлесе өткізген ІІІ қалалық «Бала Абай» байқауының қорытындысы  жарияланды.

Байқаудың мақсаты бала Абайдың балалық  шағын дәріптей  отырып,  Абай шығармаларын сүйіп оқуға баулу.  Байқауға Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейден  2 оқушы,   3 "А"  сынып оқушысы Абай Дария мен  4 "А" сынып оқушысы Сапаралы Рақымжан қатысып, жүлделі 2 орын иеленді.  Жетекшілері: Омаршаева Нагима Таласбековна және Әбіш Гаухаркүл Темірханқызы. Білім биігін бағындырар шәкірттеріміз көп болсын!