Ұлттық ғылымның негізін қалаушы, ұлт руханияты мен мәдениетінің жанашыры Ахмет Байтұрсынұлының әдістемелік мұраларын зерттеу, насихаттау жұмыстары ұлт ұстазыатындағы №48 мектеп-лицейде қарқынды жүргізілуде.
Жақында ШАХМАТТАН МЕКТЕП ОЛИМПИАДАСЫ шеңберінде 2-4 сынып, 5-8 сынып, 9-11 сынып оқушылары арасында ҚАЛАЛЫҚ ЖАРЫС болып өтті. Жарыс Аль-Фараби атындағы Оқушылар Сарайында өтті. Ұйымдастыруш: Астана қаласы білім басқармасына қарасты Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығы.
Ереже бойынша әр мектептен 1 ұл және
1 қыз ойыншы қатысты.
Шахмат – зейінді, интеллект пен логикалық ойлауды дамытатын балалар мен ересектерге арналған танымал спорт түрі.
Шахмат – оқушылардың зейін, сыни тұрғысынан және логикалық ойлау, шешім қабылдау, стратегиялық жоспарлау, шығармашылық талдау, қабылдау және бағалау сияқты ақыл-ой қабілеттерін дамытатын ойын.
«64» шаршылы дойбыдан ерлер, әйелдер, жастар және юниорлар арасында Астана қаласының чемпионаты болып өтті. 8-9 сәуір күндері «64» шаршылы дойбыдан ерлер, әйелдер, жастар және юниорлар арасында Астана қаласының чемпионаты болып өтті. Аталған жарыс №89 мектеп-лицейде жоғарғы деңгейде өтті.
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейде, сәуірдің 13 жұлдызы күні мектеп музейінде 4 сынып оқушылар арасында "Ахмет оқулары" атты мәнерлеп оқу сайысы өтті.
Оқу сайысының мақсаты халықтың жүрегінен орын алған қоғам қайраткері, ғалым, ұлы ұстаз, асыл тұлға- Ахмет Байтұрсынұлының тарихтағы баға жетпес орнын паш ету, насихаттау, ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқуға үйрету.