Бүгін: 23.11.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

 Ұстаздық еткен дара жолында мектеп түлектерін алтын ұя мектебінен ұшырғанда айтатын

- Шәкірттерім, бүгін қанаттарың қатайып,түлеп ұшып бара жатырсыңдар.Мектеп партасында шығарылмаған есептерің қалған болар, жазылмаған шығармаларың бар шығар.

Өмірдің есебін дұрыс шығарыңдар,өмірдің шығармасын катесіз жазыңдар,-деп тілек айтатын.     

                                                                                          

Ұстаздық еткен дара жолында талай шәкірттің жүрегіне жол тауып,бойына ізгілік пен білімнің нәрін құйған, бойларына таусылмайтын қайраттың алауын жаққан ардақты ұстаз енді өзі өнегелі еңбек жолын аяқтап, қасиетті шаңырақпен қоштасқалы отыр.   Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мектепке ұстаздың 20 жыл бұрын бітірген шәкірттерінен бастап, бүгінге дейін дәріс беріп тәрбиелеген 5 буын шәкірттері жиналып, ұстаз тәліміне бас иіп, тағзым етті.

Ата-аналары, мектеп ұжымы, жаксы көретін жақындары, ұрпағы, отбасы түгел келді.  Ізгі тілекпен Астана қаласы Білім басқармасы, "Өрлеу" БАҰО АҚФ , Астана Қаласының Білім Беру қызметкерлерінің кәсіподағы, Астана қаласы әдістемелік орталығы басшылары атынан "Алғыс хат" берілді.

Мектеп қабырғасындағы баға жетпес еңбегі еленіп, Момынқұлова Алтынның атына атаулы қазақ тілі мен әдебиеті кабинеті берілді.                                  

 Ұстаз еңбегі ақталды .

Болашақ тәрбиесі мен тәліміне өшпес із қалдырған аңыз ұстаз аман болыңыз!