Бүгін: 21.11.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

Жақында ШАХМАТТАН МЕКТЕП ОЛИМПИАДАСЫ  шеңберінде 2-4 сынып,  5-8 сынып,  9-11 сынып оқушылары арасында ҚАЛАЛЫҚ ЖАРЫС болып өтті.  Жарыс  Аль-Фараби атындағы Оқушылар Сарайында өтті. Ұйымдастыруш: Астана қаласы білім басқармасына қарасты Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығы.

Ереже бойынша әр мектептен 1 ұл және

1 қыз ойыншы қатысты.

Турнир швейцариялық жүйе бойынша 7 турдан құралып өте тартысты өтті.

Барлық категория бойынша жарысқа 300-ден аса мектеп оқушылары бақ сынасып ақыл-ой сайысына түсті.

Мектебіміздің атынан келесі оқушылар аталған жарысқа белсенді қатысып жақсы ойын өрнегін көрсетті:

 

2-4 сыныптар бойынша қатысушылар:

 

ИСАБАЙ МАРЬЯМ – 3 ОРЫН ЖҮЛДЕГЕРІ, 3 Б сынып оқушысы

ЖАМБЫЛБЕК ДІНИСЛАМ – БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСУШЫ, 4 Е сынып оқушысы

5-8 сыныптар бойынша қатысушылар:

 

ИСАБАЙ ІЛИЯС -БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСУШЫ, 5 Ә сынып оқушысы

ЖҰМАБЕК МАДИНА -БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСУШЫ, 5 В сынып оқушысы

 

9-11сыныптар бойынша қатысушылар:

 

ЖАНӘДІЛ БАҚЫТ -БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСУШЫ, 11 Ә сынып оқушысы

ЖҰМАБАЕВА ДИАНА -БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСУШЫ, 11 А сынып оқушысы

 

Турнир нәтижесінде 3 Б сынып оқушысы Исабай Марьям жүлделі

3 орынды иеленіп, Астана қаласы білім басқармасының басшысы Қ.Сенғазыевтыңмадақтамасымен, үздік ойын көрсеткені үшін Астана қаласы шахмат федерациясының президенті А.Сагымбаевтың дипломымен, арнайы сыйлық сертификатпенжәне медальмен марапатталды.

Мектеп намысын қорғаған оқушыларға,оқушылардың ата-аналары мен сынып жетекшілеріне қолдау көрсеткендері үшін және шахмат үйірмесінің жетекшісі С.І.Исаевқа белсенділік танытқаны үшін зор алғыс білдіреміз

Барлық шахматшыларға алдағы жарыстарда жеңіс тілейміз!