«64» шаршылы дойбыдан ерлер, әйелдер, жастар және юниорлар арасында Астана қаласының чемпионаты болып өтті. 8-9 сәуір күндері «64» шаршылы дойбыдан ерлер, әйелдер, жастар және юниорлар арасында Астана қаласының чемпионаты болып өтті. Аталған жарыс №89 мектеп-лицейде жоғарғы деңгейде өтті.
Ұйымдастырушылар: Астана қаласының денешынықтыру және спорт басқармасы, Астана қаласы әкімдігінің спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы, «Астана қаласының Дойбы федерациясы» қоғамдық бірлестігі және №89 мектеп-лицей ұжымы.
Ақыл-ой бәсекесі классика номинациясы бойынша швейцариялық жүйеде өтті.
Елордадан жалпы саны 120 спортшы қатысып бақ сынасты.
Спортшылар төмендегі жас категориялары бойынша сынға түсті:
- ерлер және әйелдер
- жастар (ұлдар және қыздар)
- юниорлар (ұлдар және қыздар)
Мектебіміздің атынан келесі оқушылар чемпионатқа белсенді қатысып, жеңімпаз атанып мол тәжірибе алды:
Жеңімпаздар
САЙЛАУ АМИНА – 1 орын жеңімпазы, 9 «А» сынып оқушысы
ИСАЕВ СЕРЖАН – 1 орын жеңімпазы, шахмат үйірмесінің жетекшісі
Белсенді қатысушылар:
2 «А» сынып оқушысы Бисембек Нұрали
2 «Ә» сынып оқушысы Естай Нұрали
2 «Б» сынып оқушысы Еркін Алихан
3 «А» сынып оқушысы Жұмабек Малика
3 «В» сынып оқушысы Миллат Дамир
5 «Б» сынып оқушысы Ахметжанова Айлин
5 «В» сынып оқушысы Жұмабек Мадина
10 «Ә» сынып оқушысы Боларбек Нұрбек
Жастар арасында Сайлау Амина және ерлер арасында Исаев Сержан жеңімпаз атанып арнайы кубок, медаль, диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Жарысқа белсенді қатысқан оқушылар мен жеңімпаз атанғандарды шын жүректен құттықтаймыз! Мектеп басшылығына, қатысқан оқушылардың ата-аналарына, қолдау көрсеткені үшін Астана қаласының дойбы федерациясы зор алғыс білдіреді.