Бүгін: 21.11.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

Ұлттық ғылымның негізін қалаушы, ұлт руханияты мен мәдениетінің жанашыры Ахмет Байтұрсынұлының әдістемелік мұраларын зерттеу, насихаттау жұмыстары ұлт ұстазыатындағы №48 мектеп-лицейде қарқынды жүргізілуде.

Бүгін, 24 сәуір күні  білім ордасында  «Ахмет Байтұрсынұлының педагогикалық идеялары мен әдістері – мектеп тәжірибесінде» атты республикалық дөңгелек үстел өтті. Мектеп директоры Ғ.Б.Әметбековтың ұсынысы бойынша білім ордасында әдіскер ғалымның педагогикалық мұраларын бүгінгі оқыту ісіне жаңаша бағытта енгізу мүмкіндігі қарастырылды.   Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК әдіскері Ж.С.Маманованың қолдауымен өткен бұл шараға Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ филология ғылымдарының докторы, профессор Бекжан Әбдуалиұлы, Алматы қаласындағы ұлт ұстазының музей-үйінің ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы, профессор С.О.Смағұлова, Астана қаласы ПШО тренері А.Алданыш және қала мектептерінің 30 ға жуық мұғалімдері қатысты. Жұмыстың басты бағыты – ағартушы ғалымның педагогикалық көзқарастары мен идеяларын қазіргі білім беру жүйесіндегі әдістемемен ұштастыра енгізу мәселесі  талқыланды. Бас  ұстаздың  педагогикалық мұраларын  бүгінгі оқыту ісімен сабақтастыруда  жоғары оқу орындарының оқытушы-ғалымдары  мен қала  мұғалімдері арасындағы тығыз байланыстың қажеттілігі аталып өтті. Аталмыш мектепте Алаш қайраткерінің тағылымды өмірі мен шығармашылығын тереңдетіп оқытуға арналған  «Ахмет тағылымы» қолданбалы курсының  жобасы таныстырылды. Дөңгелек үстелде пікір алысу барысында қазақ тілі мұғалімдерінің ұсынысымен А. Байтұрсынұлы әдістемесін зерттеу жұмысының жүйесін жасау, эскперименттік топ құру, әдістемелік мұраларын жіктеу сияқты жұмыстары жоспарланды. Алдағы уақытта қатысушыларға ғалымның әдістемелік еңбектерін оқып, зерттеп, өз тәжірибесіне енгізу мәселесі ұсынылды.