Алтын Момысқызының ұйымдастыруымен "Баласы кітап оқыған ел - бақытты ел" атты 8А сынып оқушылары мен ата-аналары қатысқан оқу конференциясы өтті. Оқушылар мен ата аналар жыл бойы бірлесе оқыған көркем шығармалардан алған әсерлерімен бөлісті. Гаджет орнына қолына кітап ұстаған балалардың ұшқыр ой мен түйінді тұжырымдарының куәсі болдық.
Бауыржанның "Ұшқан ұясынан" батырлықтың бастауын, Шерханның "Ай мен Айшасынан" ананың қадір-қасиетін, Қасымның "Жау тылындағы баласынан" соғыстың қасіретін сезінген оқырман балалардың ой-пікірлері бәрімізді сүйсіндірді.
Шәкірттерінің бойына кітаптың құдыреттілігін танытқан, жандарына жарық сәуле себуші ұстаз Алтын Момысқызының қажырлы еңбегіне бас иемін. Ұстазым Алтын апай, еңбегіңіз берекелі, шығармашылық ізденістеріңіз нәтижелі болғай. Кітап оқитын баласы бар ел бақытты болса, сол кітапты оқыта алатын сіздей ұстазы бар біздің ұжым да бақытты десем, артық болмас.