30 қазан күні, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде А. Байтұрсынұлы атындағы «Әдіскер ұстаз» зертхана жұмысының отырысы ұйымдастырылды. Астана қалалық әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК әдіскері Жанар Маманова және А.Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейі мұғалімдерінің ұйымдастыруымен өткен шара мазмұнға бай, тағылымға толы болып, көпшілік көңілінен шықты. Іс-шараға қала мектептерінен 40-тан астам ұстаздар қатысып, өздерінің зерттеу жұмыстарымен бөлісті. Отырыстың мақсаты Ахмет Байтұрсынұлының әдістемелік идеялары негізінде педагогикалық инновациялық қызметінің тәжірибелерін жинақтауға, оқу-тәрбие үрдісінде қолдануға мүмкіндік жасау болса, іс-шараға қатысушылар Ұлт ұстазының еңбектерін зерттеу, оның кемел идеяларын жас өркеннің оқу-тәрбиесі ісіне тиімді пайдалану, ұлы ғұламаның өшпес бай мұрасын насихаттауда еселі еңбек етіп, ізденгендіктерін көрсете білді. Ахмет Байтұрсынұлының әдістемелік идеялары қазақ білім мен ғылымының дамуына үлкен үлес қосты. Жиын қатысушылары ғұлама ғалымның еңбектері, педагогикалық инновациялық қызметі мен идеяларын оқу-тәрбие үрдісінде «Тілді оқыту әдістемесі», «Мазмұн мен әдістеме», «Дамытушылық тәсіл», «Ұлттық сана-сезімді қалыптастыру», «Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту», «Білім берудегі мысал өлеңдерді қолдану тәсілдері», «Мұғалімдердің оқу-әдістемелік құралдарды әзірлеуі мен педагогикалық тәжірибе алмасуы», «Ахмет Байтұрсынұлы еңбектеріне зерттеу жүргізу» бағыттары түрінде тиімді қолдануға болады деген тұжырым жасады. Бұл еңбектер оқу-тәрбие үрдісін жаңғыртуға, мұғалімдер мен оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді.
«Кітап – білім бұлағы»
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейінде оқушылардың күзгі демалыс кезінде уақытын тиімді пайдалану, көркем әдеби туындылар оқу арқылы дүниетанымдарын кеңейту және сөз байлықтарын арттыру мақсатында 2024 жылдың 28 қазаны күні 3-4 сынып оқушыларының қатысуымен «Кітап – білім бұлағы» атты дөңгелек үстел шарасы өткізілді.
Мектеп кітапханашылары А.Махшар мен Г.Усенбаевалардың ұйымдастыруымен өткен іс-шарада білім алушылар өздері оқыған кітаптар туралы ойларымен бөлісіп, талқылау жүргізе отырып, оқудың пайдасы мен қажеттілігі туралы әңгімелесті, кейіпкерлер бейнесін ашу, шығарманың композициялық құрылысын талдау, сюжетін айқындау мен тәрбиелік мәнін ашу бойынша пікірлесті. Мектептің кітапханашылары оқушыларды кітапханаға жаңадан алынған кітаптармен таныстырып, мазмұндарын қысқаша баяндады, «Кім тапқыр?» сұрақ-жауап ойыны, «Мозайканы құрастыру» әдісімен сергіту ойындарын ұйымдастырды.
«Ұлықтау рәсімі»
🌟 Ұлықтау Рәсімі: Жаңа Парламент Президенті Сайланды! 🌟
2024 жылдың 24 қазанында Республика күні қарсаңында мектебімізде ұлықтау рәсімі аталып өтті. Бұл ерекше шарада мектебіміздің жаңа парламент президенті ретінде Нұрұш Айша сайланды!
Айша өзінің креативті идеялары мен көшбасшылық қабілеттерімен бізді алдағы уақытта үлкен жетістіктерге жетелейтіндігіне сенеміз.
Барлық мектеп ұжымын, ұстаздар мен оқушыларды құттықтаймыз! Бірге жетістікке жетейік!
«Ұлықтау рәсімі»
23 қазан күні М.Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайында Астана қалалық білім беру ұйымдарының мектпешілік және студенттік Парламент Президенттерін ұлықтау рәсімі болып өтті. Бұл шара барлық білім беру ұйымдарының көшбасшылары үшін жастардың бойында, азаматтықты және патриотизмді дәріптейтін айтулы тарихи оқиға.
Аталмыш рәсімге мектебіміздің жаңа көшбасшысы, 9 «Д» сынып оқушысы Нұрұш Айша да қатысты. Іс-шара барысында көшбасшылар алға қойған мақсаттарына табандылықпын жетуге, елінің нағыз патриоты болуға, әр түрлі іс-шараларда белсенділік танытуға салтанатты түрде ант берді
Мектебіміздің Парламент Президенті Нұрұш Айшаға алдағы бастамаларына үлкен сәттілік тілейміз.