Бүгін: 21.11.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы   №48 мектеп-лицейде,  сәуірдің 13 жұлдызы күні мектеп музейінде  4 сынып оқушылар арасында  "Ахмет оқулары" атты мәнерлеп оқу сайысы өтті.

Оқу сайысының мақсаты  халықтың  жүрегінен орын алған  қоғам қайраткері,  ғалым, ұлы ұстаз, асыл тұлға- Ахмет Байтұрсынұлының тарихтағы баға жетпес  орнын  паш ету,  насихаттау, ақынның  өлеңдерін  мәнерлеп оқуға үйрету.

Музей жетекшісі  А.Момынқұлова оқушыларды музеймен  таныстырып,

Ахмет Байтұрсынұлы  туралы  тың мәліметтер берді. Сайыстың ашылуын 4 В сынып оқушысы  Құлмағанбет Шұғыла   "Ахмет атаға арнау" өлеңімен ашты. Өз өлеңін музейге сыйға тартты.

Мәнерлеп оқу сайысы  жоғары дәрежеде  өтті.

Балалар  ақын өлеңдерін мәнерлеп  жатқа айтты . Сондай-ақ ақынның  мысал  өлеңдерінен суреттерін  бейнелеп, қорғап  шықты. Сайыс соңында оқушылар марапатталды.

Сайысты өткізген жетекшілер А.Мухаметжанова, Г.Әбіш