Бүгін: 08.06.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы Қадыр Мырза Әлі атындағы Віпоm sсһооl мектеп- лицейімен бірлесе ұйымдастырған 2024 жылдың 9 қаңтарында 4-9 сынып оқушылары арасында «Қадыр мұрасы» калалық байқауында жас таланттарымыз өз шығармашылықтарымен жүлделі орындарға ие болып, жеңіспен оралды. Атап айтқанда, «Жас оператор» - номинациясы бойынша  7 сынып оқушысы Айтжан Асылбек, жетекшісі Смагулова Назгүл Бекзанқызы Бас жүлдені иеленсе, «Жас өнертапқыш» номинациясы бойынша 6 сынып оқушысы Ахатқан Ислам, жетекшісі Смагулова Назгүл Бекзанқызы ІІ орынды жеңіп алды. Осындай дүбірлі додада жүлделі орын алып, мектебіміздің мәртебесін арттырып жүрген болашақ жас таланттарға өнерлерің ұштала берсін деп тілейміз. Оқушылар мен  жетекші мұғалімін  жетістіктерімен құттықтаймыз!

2024 жылдың  4 қаңтар күні Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейде «Функционалдық сауаттылық - білім сапасын жетілдірудің негізгі бағдары» тақырыбында  әдістемелік күн жоспарланып өткізілді. Әдістемелік күннің мақсаты: мектептің әдістемелік жұмысын жандандыру арқылы жаңа білім беру стандартының талаптарына сәйкес педагогтердің шығармашылық белсенділігін арттыру, кәсіби шеберлігін дамыту. Білім ордасындағы тәжірибелік күнге 70 мұғалім қатысты.  Бағдарламада 7 бағыт бойынша секция жұмысы жүргізіліп, педагогтар әдістемелік қоржынын жаңа инновациялық әдістермен толықтырды.