Астана қаласы "Әл- Фараби атындағы Оқушылар сарайы " ұйымдастырумен өткен техникалық- шығармашылық және өнертапқыштардың "Білім шыңы" 2023 қалалық чемпионатында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицей оқушылары "Әуе көлігі"бағытында 6 сынып оқушылары Бағдатұлы Сағынбек пен Қалдыбаев Дінмұхаммед жүлделі 2- ші орын иеленді. Жетекшісі: көркем еңбек пәні мұғалімі Қыдырбеков А.Д . Шығармашылық бағытта білімін шыңдай түскен шәкірттерімізді жеңісімен құттықтаймыз!
Жалпы білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында өткен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған XIX қалалық «Отаным деп, шырқаймын» вокалдық патриоттық әндер фестиваль - байқауында «жеке орындау» номинациясы бойынша мектебіміздің 3ә сынып оқушысы Амирова Айша ГРАН-ПРИ иеленді. Жетекшісі: Амирова Гүлбаршын Сагимбековна. Өнер додасында бақ сынаған талантты, жас өнерпазымызды жеңісімен құттықтаймыз!!!
2023 жылдың 17 қарашасында Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК мен А. Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицеймен бірлесе отырып, «Ахмет Байтұрсынұлының педагогикалық мұрасы» тақырыбында қалалық дөңгелек үстел өтті.
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 35) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығының негізінде, 2023 жылғы 29 қарашадағы бос лауазымдарға педагогтерді тағайындау бойынша конкурстық комиссиясының шешіміне сәйкес БҰЙЫРАМЫН: