Бүгін: 03.12.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

2023 жылдың 20 қазанында Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ жаратылыстану ғылымдары факультеті мен Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетімен бірлескен «KAZCUNET балалар университеттерінің желісін құру» жобасы аясында А. Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейде 5 сынып оқушыларымен кездесу өтті. Кездесудің мақсаты: білім алушыларды жаратылыстану негіздерімен таныстыру және білімді меңгерудегі танымдық қызығушылықтарын арттыру. Мектебіміздің жас зерттеушілеріне арналған жаратылыстану бағытындағы зерттеу жұмыстарының үлгілері көрсетіліп, тәжірибелер жасалды. Жас ғалымдар қызығушылық танытып, белсенділік көрсетті.

2023 жылдың 16 қазан күні «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы ұйымдастырған 9-10 сынып оқушылары арасында «Менің кіші Отаным» жас тарихшылар VII республикалық зияткерлік байқауы өтті. Байқауға 4 номинация бойынша 84 оқушы қатысты. Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп - лицейден «Кішкентай Отанымның символы» номинациясы бойынша 10 «Ә» сынып оқушысы Серікбай Нұртас қатысып, жүлделі І орын иеленді. Республикалық кезеңге жолдама алды. Мұғалімі тарих және құқық пәні мұғалімі Қойбасарова Нұр Берікқанқызы. Шәкіртімізді жүлделі орынымен құттықтай отырып, республикалық кезеңнен жеңіспен оралуына тілектеспіз!

 

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48  мектеп-лицейінде,  2023 жылдың 17 қазан күні бастауыш сынып мұғалімдеріне «TopIQ  білім беру платформасымен жұмыс істеудің жалпы қағидаларымен танысу» семинары өткізілді.

Мақсаты – «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру және Президент Қ.К.Тоқаевтың цифрлық оқулықтарға көшу жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде «Алматы кітап» баспасының TopIQ білім беру платформасының электронды оқулықтарының мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін, оқу процесін ұйымдастыруда оқушылар, ата-аналар, ұстаздар үшін тиімділігін көрсету.

2023 жылдың 13 қазан күні «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы ұйымдастырған елордалық білім беру ұйымдары педагогтерінің арасында республикалық «Үздік авторлық бағдарлама» байқауының қалалық кезеңі өткізілді. Байқауға Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейдің физика пәні мұғалімі Хонорбай Анаргуль қатысып, грамота иеленді. Үздік авторлық әдістемесімен бөліскен әріптесімізді жеңісімен құттықтаймыз! Зерттеушілік ізденіс пен шығармашылық табыс тілейміз!