Бүгін: 07.06.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

Мақсаты:
– аналардың қоғамдағы рөлінің маңыздылығын талқылау, олардың отбасындағы және бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін көрсету, аналардың беделін арттыруға бағытталған шараларды ұсыну, сондай-ақ отбасылық құндылықтарды нығайту арқылы ұрпақ тәрбиесіне оң ықпал ету.

 4.png3.png

5, 6, 7 сынып оқушыларының ұйымдастыруымен өткен «Қамқорлық» акциясының жәрмеңкесінде оқушылар өз қолдарымен әзірлеген түрлі тағам өнімдерін көпшілікке арзан бағада ұсынды. 🥐🍪
Бұл акцияның мақсаты – қамқорлық көрсету, көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсету, сондай-ақ өзара сыйластықты, қамқорлықты дамыту болды. Өткізілген жәрмеңкеге барлық сыныптар белсене қатысып, жинақталған қаражат қайырымдылыққа жұмсау үшін арнайы қорларға бағытталды. ❤️
Осындай іс-шаралар арқылы оқушыларқайырымдылықты дәріптеп, ізгілікті қоғамның қалыптасуына өз үлестерін қосты!

 2.png1.png

17.01.2025ж Қоғамдық мүлікті қорғау және вандализмнің алдын алу мақсатында ұйымдастырылған іс-шаралар аясында «Вандализмге қарсы» суреттер мен плакаттар көрмесі өтті. Бұл көрме арқылы біз қоғамды тазалықты сақтау, ортақ мүлікті қадірлеу қажеттілігін түсінуге шақырамыз. Вандализм тек жеке мүлікке ғана емес, қаламыздың бейнесіне де зиянын тигізеді.

Көрмеге қатысқан шығармашылық жұмыстарының әрқайсысы қоғамдағы жауапкершілікті арттырып, келер ұрпаққа табиғатқа, қалалық ортаға деген құрмет пен жауапкершілік сезімін дарытуға бағытталған.

Қоғамдық орындарда тәртіп сақтау – ортақ міндетіміз! Баршаңызды осы бастамаға қолдау көрсетуге және өзіміздің қаламызды таза әрі көркем ұстап, оны құрметтеуге шақырамыз! Көрме жетекшілері: Жұбайда Г, Сейдаханова Б

345345.png

30.01.2025ж «Өмірге салауатты қадам» аясында өткізілген іс-шаралар шеңберінде салауатты өмір салтын насихаттау және нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күреске арналған маңызды түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылды.

Бұл күні басты назар «Дұрыс және тиімді тамақтану - денсаулықтың негізі» және «Энергетикалық сусындардың адам ағзасына әсері» тақырыптарына аударылды. №13 СӨС дәрігері Турсинбаева М.Н қатысуымен өткен семинарларда жастарға дұрыс тамақтану принциптері, зиянды тағамдардың денсаулыққа әсері, сондай-ақ энергетикалық сусындардың ағзаға келтіретін зияны туралы айтылды.

Салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңыздылығын түсіну әрқайсымыз үшін өте маңызды! Дұрыс тамақтану мен жаттығулар денсаулықты сақтаудың негізі болса, есірткіге жол бермеу – қоғамның қауіпсіздігі мен болашағы үшін аса маңызды.

232342342342344.png3245345345345.png

Мектебімізде Кеңес әскерінің Ауғанстан Демократиялық Республикасының аумағыннан шығарылғанына 36 жыл толуына байланысты ұйымдастырылған «Ауғанның от жалыны» іс-шарасы өткізілді.
Мақсаты: Жас ұрпақтың патриоттық сезімдерін оятып, Отан алдындағы интернационалдық міндеттерін орындауда жанқиярлықпен соғысып, жат жерде көз жұмған Қазақстан азаматтарын еске алу, жауынгерлердің ерліктерінен тарихи тағылым беру, Отансүйгіштікке баули отырып, ұлтжандылық құндылықтарға негізделген тәрбие беру.

Міндеттері:
- Отанқорғаушыларға деген құрметке тәрбиелеу;
- патриоттық сезімін арттыру;

ны4564564333.pngсты белгісіз, тың деректерге шолу жасау.