Дойбыдан оқушылар арасындағы Республикалық жарыс өз мәресіне жетті
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Ұлттық ғылыми практикалық Дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен 08-12 қараша аралығында ДОЙБЫДАН ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫС болып өтті. Аталған жарыс Астана қаласында Орталық шахмат клубында өтті.
Жарыс айналмалы жүйе бойынша өте тартысты өтті.
Үш күнге созылған ой сайысында Астана қаласы құрамасы жүлделі 2-ші орынға ие болды. Құрама мүшесі, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейдің 10 А сынып оқушысы САЙЛАУ АМИНА күміс жүлдегер атанып, арнайы медаль, диплом және кубокпен марапатталса, шахмат үйірмесінің жетекшісі ИСАЕВ СЕРЖАН аталған жарыста әділ төрешілік етіп мол тәжірибе жинақтады.
Жарыс жүлдегерлерін мектеп ұжымы шын жүректен құттықтайды!!!