Бүгін: 22.11.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

2024 жылдың  4 қаңтар күні Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейде «Функционалдық сауаттылық - білім сапасын жетілдірудің негізгі бағдары» тақырыбында  әдістемелік күн жоспарланып өткізілді. Әдістемелік күннің мақсаты: мектептің әдістемелік жұмысын жандандыру арқылы жаңа білім беру стандартының талаптарына сәйкес педагогтердің шығармашылық белсенділігін арттыру, кәсіби шеберлігін дамыту. Білім ордасындағы тәжірибелік күнге 70 мұғалім қатысты.  Бағдарламада 7 бағыт бойынша секция жұмысы жүргізіліп, педагогтар әдістемелік қоржынын жаңа инновациялық әдістермен толықтырды.

  • 1 бағыт - «Сандық ақпараттық платформалар арқылы белсенді әдістерді меңгеру», модератор Секенқызы Айнұр;
  • 2 бағыт - «Мектеп кітапханасында оқушылардың тұлғалық құзіреттіліктерін дамыту», модератор Махшар А., Ускенбаева Г
  • 3 бағыт - «Ахмет әдістемесі», модератор Смагулова Н., Абуева А
  • 4 бағыт - «STEM кабинетінің мүмкіндіктері», модератор Мерәлі Н
  • 5 бағыт - «Көркем еңбек пәнінің маңыздылығы», модератор Сейдаханова Б
  • 6 бағыт - «Бастауыш сыныпты оқыту әдістемесінен», модератор Абденова Қ., Сарсембетова Қ., Айтжанова С
  • 7 бағыт - «Білім берудегі менеджмент» модератор, Мукатова Ж

Әр бағыт бойынша педагогтар  30 минуттан барлық секция жұмыстарымен таныс болды. Әр секцияда белсенді жұмыс жүргізіп, тапсырмаларды орындап, топтық талқылаулар жасады. Қорытындысында рефлексия жүргізіліп, кері байланыс алынды. Педагогтердің кәсіби өсуіне, өзін-өзі дамытуға бағытталған іс-шара қатысушылар тарапынан жоғары деңгейде бағаланды. Ұйымдастырушы: директордың бейіндік ісі жөніндегі орынбасары Ибраймова Қамажай Ибраимовна.