«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 35) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығының негізінде, 2024 жылғы 05 қаңтардағы бос лауазымдарға педагогтерді тағайындау бойынша конкурстық комиссиясының шешіміне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Астана қаласы «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы № 48 мектеп-лицейдің» 2023-2024 оқу жылына бос жұмыс орынға орналастыру бойынша конкурс өтті деп есептелсін.
Бағалау парағында көрсетілген ұпайлардың нәтижелері байқау жеңімпазын жұмысқа қабылдауға негіз болып есептелсін.
Төменде көрсетілген педагог-ассистент лауазымына үміткер байқаудың жеңімпазы болып есептелсін және жұмысқа қабылдансын:
Каркабатова Лилиана Мажитовна.
Үміткерлердің тапсырған құжаттары 1 жыл кадр резервінде сақталсын.