Бүгін: 25.11.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

Астана қаласы әкімдігінің «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы № 48 мектеп-лицей» бос жұмыс орнына  байқау жариялайды!

1. Директордың  тәрбие  жұмысы  жөніндегі  орынбасары.


 Конкурсқа қатысатын педагогтан талап етілетін құжаттар:

  1. Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  2. жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
  3. кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (толық толтырылған, суреті жабыстырылған, нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
  4. біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
  5. еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса) (куәландырылған);
  6. денсаулық жағдайы туралы анықтама (форма–075);
  7. психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
  8. наркологиялық ұйымнан анықтама;
  9. педагог-сарапшыдан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік;
  10. 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы;
  11. конкурсқа қатысушы біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) (бар болса);
  12. тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы (кемінде 15 минут), ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.

 

 

Директордың  тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары лауазымына біліктілік талаптары:
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білімі немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл; және (немесе) білім беру ұйымының "үшінші біліктілік санаты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санаты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санаты басшысының орынбасары" біліктілік санатының болуы не "педагог – сарапшы" біліктілігінің болуы немесе "педагог – зерттеуші" немесе "педагог – шебер" біліктілігінің болуы.


Құжаттарды қабылдау мерзімі: 15 – 23  қаңтар  аралығында.

Байқаудың өтетін күні: 24.01.2024ж.

Біздің мекенжай: Астана қаласы, Ж.Жирентаев көшесі, 15/2

Байланыс телефоны:
8 (7172) 50-16-56
8 701 318 56 21 (кадр бөлімі)
электр.пошта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.