Бүгін: 10.12.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында А.Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейінде білім алушыларға салауатты өмір салтын насихаттау, спортпен шұғылдануды дәріптеу мақсатында дене шынықтыру жаттығуларын жасау шарасы өткізілді

dfgdfgdfgdgfdg34.png

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейінде жаңа оқу жылының басталуына орай балалардың қауіпсіздігі, білім мен тәрбие алуы, мектептің стратегиялық даму жоспары, білім мекемесінің жарғысы мен ішкі еңбек тәртібін түсіндіру мақсатында 1-11 сынып ата-аналарымен жиналыс өткізілді. Сонымен қатар білім мекемесі басшылығы оқу жылы кезеңінде атқарылған жұмыстар туралы мектептің Қамқоршылық кеңес мүшелеріне есеп беріп, болашақта атқарылатын жұмыстарды талқылады.

asdq2222222.pnget4544hrfhfghf.pngsdsdgdgdfgdg.png

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейінде Қазақстан Республикасындағы Тілдер мерекесі мен Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Мектептің акт залында өткен іс-шараны мектеп директоры Қияқбай Нұрила Бақтиярқызы ашып беріп, қатысушыларды айтулы күнмен құттықтады. Әдеби кешке қонақ болып қатысқан мектептің ардагер ұстазы, «Құрмет белгісі» орденінің иегері, халықаралық дәрежедегі әдіскер Момынқұлова Алтын Момысқызы мерекеге орай жүрекжарды тілегін білдіре келе, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен олимпиада мен түрлі байқауларда жеңімпаз атанып, жүлделі орындар иеленген оқушыларға өз атынан тағайындаған стипендиясын табыстап, білім де талапты жас өркенге жетістік пен жеңістерінің еселей беруіне тілектестігін білдірді. Іс-шара барысында білім алушыларға адам өмірі мен қоғам үшін тілдің маңызы мен құндылығы дәріптеліп, қазақ халқының 20-ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен еңбек жолы, оның күрескерлігі мен ұлт үшін сіңірген еңбегі насихат етілді. Оқушылар Қазақстанды мекен етуші түрлі ұлт өкілдерінің тілдерінде өлеңдер оқып, ән салып, би билеп, халықтар достығын дәріптей отырып, кеш көрігін қыздырды.

3434534535345suk33a.png3453534534453.pngdfgdfggfd3.png

Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында мектебіміздің 6 “Б” сынып оқушылары “ Мемлекеттік тіл – менің тілім” тақырыбында челлендж түсірді! Мақсатымыз – қазақ тіліне деген құрметті арттырып, мемлекеттік тілді насихаттау! Біз бұл челленджді барлық мектеп оқушыларына жолдаймыз!

uefsd8ban.pngpid345ar.png35353535345.png

А. Байтұрсынұлының 153 жылдығына орай мектеп мұражайында өткен танымдық іс-шарада оқушыларға ұлт ұстазының өмірі, шығармашылығы мен ел үшін атқарған жұмыстары дәріптелді. Ұйымдастырушы: Қапшаева Гүлшат Аблашқызы

34534534543.png456454g322.png34tdfgdfgfd.png

А.Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейінде оқу жылының алғашқы күнінде барлық сыныптарда «Менің Отаным - Қазақстан» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.
Оқушыларға еліміздің тәуелсіздігі, жетістіктері, бірлік-ынтымақ, ата заңымыз – Конституцияның ел мүддесі үшін маңызын түсіндірумен бірге жазғы демалысты қалай өткізгендері, қандай әдеби кітаптар оқығаны туралы сұралып, сұхбаттасу жүргізілді.

bnbb44.pngzxcz2.png

“Мектебім – мейірім мекені” республикалық интервью-челленджі аясында 6 “Б” сынып оқушыларымен «Жаз – жаңа тәжірибе уақыты» тақырыбында қысқаша сұхбат жүргізілді.
Оқушылар жазғы демалыстың қызықты сәттерімен, жаңа ағдыларымен және есте қалған жарқын оқиғаларымен бөлісті.

bvnvbnf.pngfvcvvv.pngүйренген д

“Мектебім – мейірім мекені” республикалық интервью-челленджі аясында 9–11 сынып білім алушыларымен «Арманым мен мақсатым» тақырыбында сұхбат жүргізілді.
Жастар болашағына сеніммен қарап, өз армандары мен мақсаттары жайлы ашық ой бөлісті

dfgdfgfdgdggdf.pngfghfghgfh.pngdsfsdsddssd.png

“Мектебім – мейірім мекені” республикалық интервью-челленджі аясында мектебімізде «Жазғы демалыстың жарқын естеліктері» тақырыбында сұхбат ұйымдастырылды.
Бұл челленджге мектебіміздің 4 “А” сынып оқушысы Тілеулі Иманәлі және оның анасы Айгүл Серікқызы қатысып, жазғы демалыстың қызықты сәттерімен бөлісті.

 bhh444.png

А.Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейінде 2025-2026 оқу жылының басталуына арналған «Мектебім - мейірім мекені!» тақырыбында білім күнінің салтанатты жиыны өткізілді. Іс-шараға ұстаздар қауымымен бірге мектептің Қамқоршылық кеңесі мүшелері, Астана қаласы “Аманат” партиясының белсендісі, журналист, жазушы, Алматы ауданы ардагерлер Кеңесінің медиатобының мүшесі Бұлғақбаева Баян Құрмантайқызы, ата-аналар комитетінің мүшелері, оның ішінде бірінші сынып оқушыларының ата-аналары қатысып, білім мекемесінің қызметкерлері мен білім шыңын бағындыруға жол тартқан балғындарымызға ақ жол тіледі. «Білім күнін» атап өту кезінде балалардың өмір қауіпсіздігі, жоғары сынып оқушыларының мерекені кафе, мейрамханаларда атап өтуіне жол бермеу, ата-аналардан қаржы жинап, мұғалімдерге сыйлықтар алу, түрлі аниматорларды жалдауларының алдын алу көзделді. Қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету мақсатында білім мекемесінде кезекшілік ұйымдастырылды. Мемлекеттік туды көтеру және гимнді орындау Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін пайдалану ережесіне сәйкес жүргізілді. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған балғын шәкірттерімізге «Әліппе» оқулығы салтанатты жағдайда табыс етілді. Ұстаздар қауымына арналып әсем әндер шырқалып, арнау өлеңдер орындалды.

dgffdg3333.pngdfdfg222.pngdsgdfg3.png