«Дос болайық бәріміз!» тренингі
Мақсаты: Оқушы бойына рухани-адамгершілік қасиеттерін дамыта отырып, ынтымақшыл, тату, достық ұғымдарының мәнін ашып, өзара дұрыс қарым-қатынас жасауға бағыттау.
Әдістер: топтық ойын әдістері,
Материалдар: магнитофон аудио кассеталарымен, А4 ақ қағаз, жұмсақ ойыншық.
Сыныбы: 10 «В»
Мерзімі: 20.01.2023
Барысы:
І. Психологиялық көңіл-күй орнату.
Балаларға тәтті кәмпит үлестіре отырып, өз бойларындағы жақсы қасиеттерін айта білдіру.
1.Күй сазында достық туралы әңгіме оқу.
Күнгей Африкада бір кішкентай піл өмір сүріпті. Ол әрқашан достарымен кездескенде қуанышпен қауышып, оларға әрдайым көмектесіп жүретін. Бегемотқа батпақтан үй салып береді, крокодилға күн ыстықта суық су шашып, салқындауына көмектесетін, ал кішкентай жирафты адасып кеткенде мамасын тауып берген. Бір күні ол аңшының қазған терең орына байқаусызда түсіп кетеді де, қалай шығарын білмейді. Ол қорыққанынан даусын шығарып, айғайлап, достарын көмекке шақырады. Оның даусын естіген достары көмекке келуге асғады. Көмекке келген достары әп сәтте оны ордың жағасына алып шығады. Достарына риза болған кішкентай піл «Менің достарымның көп болғаны қандай тамаша, - деп ойлайды, досшыл болу деген – жалғыз қалмау екен ғой».
а) Бұл әңгімеден не түсіндіңіз? Пілдің достары қандай екен?
ә) Олар бір-біріне қандай көмек көрсетіпті?
б) Ал, балалар сіздер бір-бірлеріңізге қалай көмектесесіздер?
в) Достар қандай болу керек?
- Сағат тілі бойынша сынытастарыңға жақсы көңіл күй сыйла
- Сыныптасыңның бойындағы жақсы қасиетін айт
- Оң иық сол иықпен амандасамыз
- Бүгінгі күнге арнап жақсы тілек айт
- Қол алысып амандасымыз
- Бір-бірімізге қарап күлімдейміз
- Қолымызды қатты қысамыз
- Сен мен үшін ең жасқы сыныптасың деп айтамыз
- Арқамен амандасу
- Сен ең мейірімді жансың деп айтамыз
- Сендей сыныптасым болғанына қуанамын
- Оң аяқ сол аяқпен амандасамыз
- Саған болашақта жақсы маман иесі болуыңды тілеймін
- «Бос орындық»
Мақсаты: қатысушылардың зейінін шоғырландырып, тез қимылдауға, тез шешім шығаруға және қасындағы адамды сезінеге үйретеді.
Топ екіге бөлінеді. Бірінші топ орындыққа отырады, екінші топ орындықтардың артында тұрады. Бос орындық артында тұрған адам көзбен отырғандардың біреуін шақырады. Оның артында тұрған қатысушы алдындағы адамды ұстап қалуға тырысады.
- “Сілкіп таста” ойыны
Мақсаты: жағымсыз, қажет емес, кедергі жасайтыннан құтылу.
Уақыты: 10 минут.
Нұсқау: Мен сіздерге жағымсыз сезімдерден арылып, өзіңізді қалыпқа келтірудің жолын көрсетемін. Кейде біз көп күшімізді алатын ауырлықтарды көтереміз. Мысалы: әлдекімнің ойына: “Тағы да жолым болмай қалды. Емтиханға жақсы дайындала алмаймын”. Енді бірі: “Емтиханды тапсыра алмаймын, көп қателік жіберіп, екі аламын” деп соған өзін дайындайды. Енді тағы бір өзіне: “Мен басқалар сияқты ақылды емеспін. Не үшін бекерге тырысамын?”
Айналаңызда орын қалдырып, еркін тұрыңыз. Алақаныңызды, білегіңізді, иығыңызды сілкіңіз. Осы сәтте өзіңізді жағымсыз жағдайлардан арылғандай сезініңіздер. Аяқтарыңызды саннан тобыққа дейін сілкіңіздер. Қандай да бір дауыс шығарсаңыз тіптен дұрыс болар. Жағымсыз сезімнен арылғаныңызды біртіндеп сергек, көңілді бола түскеніңізді елестетуге тырысыңыз.
Талдау: Жаттығуды орындаудан кейінгі көңіл-күйіңіз?
- Жаттығу: « Көпір »
Қатысыушылар шеңбер құрып отырады . Ойының мәнін былай түсіндіреді:
« Бұл сызық –тасып ағып жатқан тау суынан өтетін көпір . Төменде желге теңселген, тартылып байланған көпірдің астында сарқыраған өзен . Көпірдің аяағына дейін бір ізді жол ,тек бір ғана адам өте алады, әрі артқа шегінуге, қайтып кетіуге жол жоқ. Бір – біріне қарама – қарсы келе жатқан екі адам екі ұлттың өкілі, бір-бірінің тілін түсінбейді. Қалай да болса көпірден құламай , аяғына дейін жету керек ».
Тапсырманы орындауға бір минут уақыт беріледі.
Талдау :
- Тапсырманы ненің көмегімен орындайды?.
- Қатысушылар бір-біріне көмектесті ме?.
- Жолда өтерде дәл осылай болды сіз не істер едіңіз?.
- Қорытынды: Алған әсеріңіз қандай ?