"Еңселі елдің - тұлғасы" дөңгелек үстел
Күні: 05.09.2023, сағат 14:00
Өтілетін орын: Кітапхана
Тақырыбы: «Еңселі елдің – тұлғасы» Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығына арналған дөңгелек үстел
Мақсаты: Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығы, кітаптары, ғылыми еңбектері туралы мағлұмат беру. Ақын өмірін оқушыларға үлгі ете отырып, өз елін сүюге, оның көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу. Оқушылардың танымдық деңгейін дамыту.
Дөңгелек үстелдің өту барысы:
Кітапхананашы: Балалар, бүгінгі дөгелек үстеліміз Ахмет Байтұрсынұлының өміріне, шығармаларына арналады. Ахмет Байтұрсынұлы. Осы бір есім елге таныс болғалы «Мен-қазақпын» деген азаматтың бір селт етпейтіні жоқ та шығар. Ахмет Байтұрсынұлы кім? Өмірі туралы не білеміз, қане ортаға салайық. Ол кісі қай жылы, қай өңірде дүниеге келген?
Ахмет Байтұрсынұлы- қыры мен сыры мейлінше мол адам. Ең алдымен, ол қазақ тілінің тұңғыш әліппесі мен оқулықтарының, «Қазақ газетінің» авторы. Ол жазған мектеп оқулықтары 1914-1915 жылдан 1927-1928 жылға дейін пайдаланылып келді. Қазақ оқушылары сауатын Байтұрсынұлының “Әліпбиімен” ашып, ана тілін Байтұрсынұлының “Тіл құралы” арқылы оқып үйренді. Ахмет Байтұрсынұлы қазақ ән-күй өнеріне де терең ой жіберген ғалым. А.В.Затаевичтің айтуынша, ол шебер домбырашы, әнші болған. Халық әндерін, күйлерін жинаған және олардың шығу тарихын да білген. Табиғатынан аса дарынды туған талапты бала Ахмет 1882- 84 ж. әуелі көзі қарақты адамдардан өз үйінде хат танып, артынан жақын жердегі ауыл мектебінен сауат ашады да, 1886- 1891 ж. Орынбордағы мұғалімдік мектепте оқып, білім алады. 1895 жылы 1 маусымнан бастап мұғалім болады. Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы атырабында бала оқытады, өмір, тіршілік күресіне араласады, әділет үшін күреседі, байларға қарсылық білдіреді, патшаның отаршылық саясатын айыптайды. 1901 жылдан бастап қолы бос кездерде өзі ізденіп, сан алуан, кітаптар оқиды, әдебиетпен айналысады, оқу құралдарын жасайды, өлең – жыр тудырады. Ел ішінде жас, оқыған, еркін мінезді батыл ойшыл бедел- атағы өсе бастайды.
Ахмет Байтұрсынұлы 1873 жылы 5 қыркүйекте қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы Сарытүбек ауылында қарапайым отбасында дүниеге келген.
Шығармашылығына келетін болсақ Ахмет Байтұрсынұлы – ақын және аудармашы. Ахмет тек өзi ғана жазып қоймай, аудармашылықпен де айналысқан. Ол «Қырық мысал» 1909 жылы Петербург қаласында бастырады. Орыстың классик мысалшысы И.А. Крылов мысалдарының бiр тобын аударған. Крыловтан аудармалары өз елiне тән, жақын екенiн сезiп отырып таңдаған. Бұл тұңғыш аударма едi. Оның өлеңдері “Қырық мысал” , “Маса”, “Үзік” деген аттармен 1912 жылдан 1922 жылға дейін бірнеше рет жарияланған. “Масаға” енген өлеңдер қараңғылық, надандық, шаруаға енжарлық, қазақты шағуға дайын тұрған жылан. Оның иесі аяқтары ұзын, сары маса болып ызыңдап, ұйықтап жатқан халқын оятпақшы. Яғни Ахмет Байтұрсынұлы жазған өлеңдерін “Маса” етіп жұмсап, ел құлағына барып ызыңдап, ұйқыдан оятуға тырысты.
“Сандықша” сұрақтары
Мұғалім: Құрметті оқушылар мына сандықшаның ішінде ақынның мысалдарында кездесетін заттар жатыр. Сіздер сол заттарды табыңыздар.
- Оның көмегімен өзіңнің бейнеңді көруге болады. Ол не? Бұл мысал қалай аталады ?
Балалар: Айна (Айна мен маймыл)
- Ал мына затты кейіпкер ем үшін киемін деп алады. Бұл қай мысал?
Балалар:Көзілдірік (Маймыл мен көзілдірік)
3.Мына затты пайдаланған мысал кейіпкері байлыққа құнығып кетеді. Мысал қалай аталады?
Балалар: Әмиян (Жарлы бай)
- Сандықшадағы келесі жасырынған затты бірге сауда жасап көп дүниеге қол жеткізген адамдар арасында жанжал туғызады . Соңында барлығы қайғымен аяқталады. Бұл не зат? Мысалды атаңдар
Балалар: Ақша (Үлес)
- Ахмет Байтұрсынұлының ендігі бір мысалында бұл табиғи құбылыс мақтанғанды жақсы көреді , алайда жасаған ісі еш бір жанға пайда әкелмеді.
Балалар: Бұлт (Қара бұлт)
Кітапханашы: Ахмет Байтұрсынұлы қалайда халықты ояту, оның санасына, жүрегіне, сезіміне әсер ету жолдарын іздегеп айналып келгенде, ұлы Абай тапқан соқпақ, орыс әдебиеті үлгілерін пайдалануды, аударма жасау дәстүріне мойынсынуға шешім қабылдайды. Бұрынғы ескі-ертегі, химия үлгілері емес, енді жаңа өлеңдік форма мысал арқылы, көшпелі елдің жақсы білетін әлемі – жан-жануар өмірінен алынған шығармалар арқылы әлеуметтік ойға ықпал ету мақсатымен әйгілі орыс жазушысы Иван Андреевич Крыловтың туындыларын аударып, "Қырық мысал" деген атпен 1909 жылы Петербургтен бастырып шығарды.
Бір жағынан қызықты форма, екінші жағынан ұғымды идея, үшінші жағынан, қазақ тұрмысына ет-жақын суреттер ұласа келіп, бұл өлеңдерді халықтың төл дүниесіндей етіп жіберді.
Бейнебаян. Мысалдар: 1 «Егін бастары»
Сұрақтар:
1 Жалғыз бидай өзгелерге ұқсамай неліктен басын көкке көтеріп тұр?
2. Осы жалғыз бидай мен кейбір адамдардың бар ма қалай ойлайсыңдар ?
3. Бұл мысалдан қандай ой түйдіңдер?
«Иттің достығы»
Сұрақтар:
1. Төрткөз бен Мойнақтың жаңа ғана бір-біріне берген серттерін не бұзды?
2. Адамдардың арасында осындай жағдайлар болып жатады ма ? Яғни Төрткөз бен Мойнақтың «достардың» сүйек үшін таласып достығын ұмытатын .
3. Бұл мысалдан қандай ой түйдіңіздер?
Кітапханашы: Ахмет өмірі мен шығармашылығы келер ұрпаққа мәңгілік өнеге болып қала бермек. Ахмет рухына тағзым ете отырып, бүгінгі дөңгелек үстелімізді осымен аяқтайық.