Мектебіміздің оқушылары жаратылыстану-математика бағытында білім алуда. Жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді оқу барысында оқушылардың жобалық жұмысы негізгі және орта мектепте айқын байқалатын ғылыми-зерттеу сипатына ие болады. Зерттеу жұмыстары оқушыларға ойлау және талдау, фактілерді жинау және өңдеу, түсіндіру және қорытынды жасау, қол жеткізілген нәтижелердің адамдар мен қоршаған орта үшін құндылығын бағалау мүмкіндігін береді.
«Ахмет» пікір сайыс клубының жетекшісі А.Сапарғалидың ұйымдастырумен "Ата-ана ұлағаты-ұрпаққа аманат" атты іс-шара аясында "Бізге қарттар үйі қажетпе?" деген тақырыпта пікір сайыс өткізілді. Жоғарыда аталған тақырыпқа клуб мүшелері екі топқа бөлініп өз позицияларын таңыстырды. Пікір сайыстың басты мақсаты оқушылардың бойында жақынға деген жанашырлық сезімін ұлғайтып, үлкенге құрмет көрсете білуге баулу.