Ғылыми ізденістегі табысты нәтиже
2025 жылдың 11–12 желтоқсан күндері «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы ұйымдастырған ғылыми жобалар конкурсының ІІ (қалалық) кезеңі өтті. Аталған білім бәйгесіне мектебіміздің 9 «В» сынып оқушысы Рахимбек Кәусар қатысып, өз ғылыми жобасын жоғары деңгейде қорғап, қазылар алқасының оң бағасына ие болды.
Зерттеу жұмысының өзектілігі, ғылыми жаңашылдығы мен мазмұнды қорғалуының нәтижесінде жүлделі ІІ орынды иеленді.
Жас зерттеушімізді бұл жетістігімен шын жүректен құттықтай отырып, ғылыми ізденіс жолында табыс, жаңа идеялар мен биік белестер тілейміз. Жетекші ұстазы биология пәні мұғалімі Хозыбай Айжанға үлкен алғыс білдіреміз!






