Зияткерлік спорт түрлері саналатын шахмат пен дойбыдан 6 сынып оқушылары Миллат Дамир мен Нұрұш Айзере 2 және 3 разряд нормаларын шеберлікпен орындады.
Жақында "Баһадүр" спорт клубы қабырғасында Астана қаласының шахмат федерациясы бекіткен кестеге сәйкес шахматтан 3 разряд нормасын орындауға арналған біліктілік турнирі өтті. Турнир швейцариялық жүйе бойынша өте тартысты өтті.
Ақыл-ой сайысына қаламыздың әр түрлі спорт клубтарынан, шахмат клубтарынан, мектептерінен тб іріктелген 26 ойыншы өзара сынға түсті. Аталған жарыста мектебіміздің талантты оқушысы, шахмат үйірмесінің тәрбиеленушісі Миллат Дамир да өз бағын сынады. Нәтижесінде ол мүмкін болған 9 ұпайдан 7 ұпай жинап, жүлделі 3 орын иеленіп, 3 разряд нормасын орындады.
Сонымен қатар, жақында Д.Бабатайұлы атындағы №89 мектеп-лицейінде "100" шаршылы дойбыдан Астана қаласының чемпионаты өтті. Дүбірлі додада мектебіміздің мақтаныштары 6 Ә сынып оқушысы Нұрұш Айзере 2012-2014 жылы туған қыздар арасында, ал 6 А сынып оқушысы Миллат Дамир 2012-2014 жылы туған ұлдар арасында жүлделі 3ші орындарға ие болды. Қорытынды ұпай нәтижелері бойынша қос спортшымыз дойбыдан 2 разряд нормасын орындап, оларға "2- разрядты спортшы" спорттық разрядтары берілді.
Осылайша білікті оқушыларымыз маңызды жарыстарда ақыл-ой спорты түрлерінен өз шеберліктерін арттырып, біліктілік нормаларын абыроймен орындай білді.
Жүлдегер оқушыларымызды жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз!!!
Болашақта биік белестерді бағындыратын шебер спортшы болуларына тілектеспіз!!!
Айрықша қолдау көрсеткені үшін ата-аналарына және сынып жетекшілеріне зор алғыс білдіреміз!!!
Сілтеме. Баһадүр спорт клубынан
https://www.instagram.com/p/DQ31XcDiIaX/?igsh=MW04eXJ4eTIzaXdkag==






