Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейінде оқушылардың күзгі демалыс кезінде уақытын тиімді пайдалану, салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылдануын қамтамасыз ету мақсатында 2024 жылдың 29 қазаны күні 9- сынып оқушылары арасында кіші футбол ойыны бойынша турнир ұйымдастырылды.
Спорт — денсаулық кепілі, тән саулығының негізі. “Шынықсаң, шымыр боласың” демекші, жас өрендеріміздің салауатты өмір салтын ұстанып, жанына спортты серік еткені қуантады.