Бүгін: 21.11.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейде 01.09.2024  «Мектебім — мейірім мекені» тақырыбында білім күнінің салтанатты жиыны өткізілді. Салтанатты жиынға ұстаздар қауымымен бірге мектептің бірінші сынып оқушыларының ата-аналары қатысып, білім мекемесінің қызметкерлері мен білім шыңын бағындыруға жол тартқан балғындарымызға ақ жол тіледі.
«Білім күнін» атап өту кезінде Ұстаздар қауымына арналып әсем әндер шырқалып, арнау өлеңдер орындалды. Қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету мақсатында білім мекемесінде кезекшілік ұйымдастырылды.

 Мемлекеттік туды көтеру және гимнді орындау Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін пайдалану ережесіне сәйкес жүргізілді. Іс-шараға білім баспалдағына алғаш аяқ басқан 175 1-сынып бүлдіршіндері мен 124 бітіруші түлектеріміз — 11-сынып оқушылары қатысты.

Жаңа оқу жылына сәттілік тілейміз!!!

 

1.jpg - 352.08 kB