Бүгін: 08.10.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

Астана қаласы А.Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейінің жанынан ашылған жазғы  тынығу  лагеріндегіи 3 маусым  мен  14 маусым  арлығында    үздіксіз жұмыс  жасады.  1 маусым  «Баларды  қорғау  күніне»  орай    «Бақытты  балалық  шақ»  тақырыбында   лагердің  ашылу  салтанаты   өткізілді.  Балалар    өздерінің  жаттаған   тақпақтарын  айтып, әндер  айтып,  би  - биледі.

Жазғы  демалыстың  әр  күні  оқушылар  үшін  қымбат.   Лагерь  ашылған  күннен   бастап   оқушылардың  қызығушылығы  жоғары  болды.

 

3- 14 маусым  аралығында  әр  түрлі  спорттық   жарыстар,  ойындар,  білімділік сайыстары   өткізілді.

Өткізілген  іс-шаралар:  «Бақытты балалық шақ», «Табиғат күні »,  «Рәміздер күні»,  «Спорт күні»,  «Ертегілер әлеміне саяхат»,  «Әнші балапан»,  «Әнші балапан сайысы»,  «Кино күні»,  «Театр күні»,  «Мектептегі бір күнім» ,  «Ұмытылмас қызықты күндер»  .  

Сонымен қатар балалардың шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында «Funne English», «Әнші балапан» , «Шебер қолдар» , «Қызықты матиматика», «Компьютерлік графика», «Көңілді старт», «Ең қызықты кітап», «Психологиялық қызықты уақыт» тақырыбында жеке мамандар үйірмелер өткізді.

Күнделікті     осы  іс-шаралар  арқылы  оқушылардың  лагерге  деген  қызығушылығын  арттырып,  бір – бірімен  жақын  қарым – қатынаста  болуы  жолға  қойылды.

03.06.2024 жылы   «Бақыттты балалық шақ»  тақырыбында көңілді іс-шара өткізілді.

Мақсаты: Балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлай отырып, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Сурет салуға деген ынталарын арттыру.

 

04.06.2024 жылы   «Рәміздерім-мақтанышым!»  тақырыбында    саптық жиын өткізілді.

Саптық жиын барысында балалар әнұранды шырқап,  «Қазақстан» тақырыбында флешмоб биледі.

Мақсаты:
І. Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту. Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту.
ІІ. Оқушының есте сақтауын дамыту, өз ойын дұрыс жеткізуге ынталандыру.
ІІІ. Оқушыларды Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.

Сонымен қатар балалармен бірге «Қазақстан» саябағына саяхат жасадық

Мақсаты: Күннің қанша градусқа жоғарлағанын бақылау. Жазғы табиғат құбылыстарын түсіндіру. Жол ережелерін еске түсіру

05.06.2024  жылы  «Спорт- денсаулық кепілі » тақырыбында топаралық сайыс  өткізілді. Эстафеталық жарыс топпен өтті.

Сабақтың тақырыбы: Эстафеталық жарыс.
Мақсаты: Оқушыларды салауатты өмір салтын насихаттауға және спортпен шұғылданып тұруға шақыру, сымбаттылыққа, ептілікке тәрбиелеу.

 

06.06.2024  жылы  Оқушылар сарайы «Көңілді колейдескоп» іс-шара өтті.

Оқушылардың шығармащылық тұрғыдан дамыту мақсатында «Оқушылар сарайына» алып бару; Саяхат үш кезеңнен тұрады: планетарияда жұлдыз жорамалдың не екенін түсіндіретін қазақ тілінде мультфильм, көңіл – күйлерін көтеріп, білімдерін жетілдіру мақсатында ойын –сауық форматында өткізілген танымдық ойын және тәрбиелік мәні бар қазақи құндылыққа негізделген театр қойылымы көрсетілді.

«Келесі  қатарын  жалғастыр»  тапсырмасы мен  ойынды  аяқтады.  Ойын өте  қызықты  өтті. Балаларды Оқушылар сарайында«Ғарышқа саяхат» қойылымын тамашалауға мүмкіндік жасадық.

 

07.06.2024 жылы  «Өнер FEST »  тақырыбында   лагердің  күні өтті.

Мектептің АКТ залында көңілді караоке ұйымдастырдық.  Соңында  лагерь  балаларымен    әңгіме  өткізілді.  Олар  өздерінің  ризашылықтарын  білдірді.

10.06.2024 жылы . "Кино күні" тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өткізілді.

Мақсаты: Оқушылардың күзгі демалыс кезінде уақытты тиімді пайдалану мен адам өміріндегі құндылықтарды дәріптеу. Оқушыларды мейірімділік пен адалдықты дәріптеу.

Балалар өте қызық мультфилм көргендеріне риза болды

11.06.2024 жылы «Жастар» театрына саяхат

Театр «Буратино» бағдарламасын тамашалауға барады. Қоюшы режиссер- Нұрқанат Жақыпбай. Мемлекеттік  сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген  қайраткерінің қойылымын тамашалауға барады.

Автобуспен Оқушылар сарайына барып, қойылымдарды тамашалайды.

Театрға Буратино қойылымын тамашалауға бардық.Сиқырлы сандық ойынын ойнадық.Бұл күніміз тамаша өтті

 

12.06.2024 жылы «Әкелер күні» тақырыбында спорттық іс-шара өтті.

Шара барысында;

- Спорттық ойындар (волейбол, футбол)

- Ұлттық ойындар (тоғызқұмалақ, бестемше)

- Үстел үсті (ойындары шахмат, дойбы)

- Шеберлік сайыстар (жиһаздарды жөндеу, шеге қағу,т құрал саймандармен жұмыс т.б) ұйымдастырылды. Сайысқа қатысушы әкелеріміз, белсенді атсалыса отырып, қуанышты көңіл-күймен өз ризашылығын білдіріп тарқасты.

Сонымен қатар «Ертегілер елінде» тақырыбында балалар өз топтарымен әртүрлі ертегілер жанырын таңдап сахналық қойылым қойды.

 

 

13.06.2024 жылы «Сиқырлы әлем» тақырыбында іс-шара өтті.

«Кім жылдам?» ойыны

Балалар бір сызық бойына бір-бірінің артына тұрып, ең соңғы бала алдындағы баланың артына қағазды қойып сурет салады, алдындағы балалар сол суретті өз түсінігі бойынша қайталап салуы қажет. Соңында шыққан суретті бастапқы баланың суретімен салыстырады.

 

 

14.06.2024 жылы «Қызықты үйірме»  жәрмеңкесі

«HAPPY KIDS» лагерінің І кезеңінің салтанатты  жабылуы

“Happy kids” лагерінің 10 күндігінің жабылу салтанаты

Балалар жабылу салтанатында ән айтып, топпен флешмоб дилеп, өз өнерлерін көрсетеді. Лагерьдің он күндігіне орай үздік топтарды мараппатау жүргізілді. Нәтижесі бойынша  «Ашық аспан астында” атты марафон», «Шебер қолдар» , «Көңілді старт» спорт үйірмесінде ұйымдастырылған жарыстарда белсене қатысқаны үшін марапатталды. Мектеп арасында ұйымдастырылған «Happy kids» жазғы лагерінде тәрбиеші әрі жетекші рөлін атқарып, балалардың көңілді жүруіне белсене ат салысқаны үшін үйірме жетекшілері марапатталды.