25 мамыр күні мектебімізде «Мектебім, саған мың алғыс» тақырыбында мектеп бітіруші түлектердің іс-шарасы өткізілді. Бұл күн – мектеп тарихында, мектеп бітіруші түлектер есінде мәңгі өшпейтін күн.
-2023-2024 оқу жылында 70 оқушы мектеп бітірді.
Мектеп басшысы Әметбеков Ғани Бақытұлы жас түлектерге сәт сапар тілеп, ұстаздарды оқу жылының аяқталуымен құттықтады.
Іс-шарамызға Астана Дарыны, дарынды балалармен талантты жастарды қолдау орталығының бас маманы Құралай Ермековна қатысты.
Құрметті, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы 48 мектеп-лицейдің мектеп бітіруші Жас түлектері!
Сіздерді мектепті бітірулеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз.
Біздің мектептің мақтаныштары бола білген сіздерге үлкен өмірде нық қадам басып жүрулеріңізді, басты тік көтеріп, ең биік шыңдарды бағындыруларыңызды шын жүректен тілейміз. Мектеп қабырғаларында қалдырған жылы естеліктеріңіз үшін мың алғыс. Алдағы келе жатқан ҰБТ-дан 140-тан 140 алып, ең үздік мамандыққа грантқа түсіңіздер. Үздік мамандық иесі болып, суырылып алдыға шығып, білімді азамат(-ша) болуларыңызды нәсіп етсін!!!